0 дауыс
25.8k көрілді
Қалай ойлайсыздар, нағыз дос қандай болады?

5 жауап

+1 дауыс
Біздің ата-бабалары-мыз да досыңның ақылдыболуын қалап: «Ақылдыдұшпаннан қорықпа, ақы-мақ достан қорық», «До-сың өзіңнен жақсырақ болсын», - деген ғой. Иә, надан адаммен досболу жақсылыққа апар-майды, жолыңды оңғар-майды. Нашар адамдар-мен дос болу да адамның мінез-құлқын бұзады. «Жаман жолдас жауға алдырар», - демекші, жаманмен жолдас, дос болсаң сырыңды шашып, өзіңді ұятқа қалдыра-ды. Өмірде қателеспей-тін адам жоқ. Сондайда шынайы дос жанашыр болып қана қоймайды, сенің не себепті мұндайқателік жіберіп отыр- ғаныңды бетіңе тура ай-тып, оны жоюға ақыл-кеңесі мен көмегін аямайды. Олай болса, дұрыс дос таңдай білгеніміз жөн.
0 дауыс
Сенің қандай жағдайда екеніңді бар жан тәнімен сезіне біледі
0 дауыс
Бауырлар! Өзіңе дос жолдас таңдағанда өте мұқият болуың шарт. Жаныңдағы жолдасың басыңа қиын іс түскенде сыналады. Қиындықта қолұшын беріп, жанын беруге әзір адам, міне сенің нағыз досың. Оған кез келген уақытта сенім артуыңа да, сырыңды айтуыңа да, одан көмек күтуіңе де болады. Ал «көлеңке» досты басқа ауыртпалық түскенде таба алмайсың. Қанша ізде, ізін суытып, жаныңнан қалай кетіп қалғанын өзің де аңғармай қаласың. Осындай «басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайтын, бұлт шалса, іздеп таба алмайтын» достық қазірде көптеп кездеседі. Амал достық, біреудің байлығына, атақ-даңқына бола дос болу – нағыз адам ақылының тайыздығы, ой-өрісінің тарлығы емес пе?! Адамды жаратқанда Аллаһ тағала өзгелерден артық сана берді, ал біз кейде санасыздың ісін жасаймыз. Ақшасы таусылып, атағы жер жарудан қалған күні амал достың тайқып шыға келетіні анық. Дос таңдаудағы қателігімізді артынан түсініп, сан соғып қаламыз. Өкінгенмен пайда жоқ. Бауырлар!!!
0 дауыс
нағыз дос -екі бөлек тәнде өмір сүретін бір бүтін адам))
Қазақтар өте ақылды халық , әр айтқан сөзінің астарында ақиқат жатыр, қазір ешкімге сенуге болмайды, керек десең, бір көзің бір көзіңе жау болып шығуы мүмкін. Сондықтан өте абайлап жүру керек, әр қадамыңды абайлап басу керек. Абайды да жазықсыз соққыға жығады ғой, басын жарып, сенген өзінің дос көрген халқы.  Бұл сөздің несі түсініксіз? әлде сөздің түпкі парқына түсіне алмайсың ба? қиын болған екен.
Мысалы: Сен дос бар дейсің, жарайды дейік, сол досыңа сүйген қызыңды қияр ма едің? олда сол қызға ғашық болып қалса. Сүйген жігітіңе дос қызыңды үйлендірер ма едің? өзің досың үшін жалғыз қалар ма едің? немесе басқа жігітке шығуға мәжбүр болар ма едің? доссыңдар ғой, оған не дер едің?
Не жетеді нағыз досқа , асылға,
Қуансаңда , қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы.  деген гой,, арине егер сенің шын болмаса мұны мен саған түсіндіре алмаймын...Достардың арасында сенім болу керек кой...келтірген мысалын ол өмірде кезігетін жағдайлардың бірі ғана,,,
Бұл нағыз адал достар туралы киноларда, ертегілерде, кітаптарда әсерленіп жазылады талантты жазушылардың көркем шығармалары бойынша. Ал шын мәнінде доспын деп жүрген адамың 6 секундта сатып кетеді, өз пайдасы үшін.
Ешкімге сенбесең, шын досың болмаса,,,нағыз дос деген түсінікті санаңнан өшіріп олар 6 секундта алдап кетеді деп есептеп қалай өмір сүресің сонда??? Қиналғанда қасыңнан кім табылады? Бәрін айтпасаңда ішіңдегі кішкене бір сырды кімге айтасың??? Құлазып жаның қиналған шақта кімді іздейсің??? Өміріңде болған қуанышты сәтіңді кіммен бөлісесің???  ...
Досым деп сырыңды айтсаң, ертесіне өкініп, бармағыңды шайнап қаласың, себебі қазіргінің адамдары солай тәрбиеленіп өсуде. Дос деген менің қиялымдағы адамдар, олар мына өмірде кездеспей жатыр.
түсінікті,,, сізді түсінетін бір достың боларына сенем
0 дауыс
Амал дос дегенміз қандай болу керек?

Ұқсас сұрақтар

...