0 дауыс
13.6k көрілді

Нағыз дос деп кімді айтуға болады? Өтініш достарым өздеріңіздің досыңызды аты-жөні т.б. толықтырып суреттеп жазып бере аласыздар ма?

Менің досымның аты жөні осылай. Біз осы кезден бастап дос болып келеміз, себебі осылай. Ол туралы сипаттама. Қалай дос болдыңыздар. 1-2 сөзбен емес толықтырып жазып шықсаңыздар үлкен алғысым. Суретін салып қойсаңыздар да болады, жазбаның астына.

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Досың үшін өлу қиын емес, қиыны өлуге тұрарлықтай дос табу дейді ғой. "Маңызды емес қанша дос жүз, әлде екі жүз бе...Іштен шыққан жау жаман айналмасын екіжүздіге, Нағыз досың қарамайды байлығыңа, дәрежеңе, Маңыздысы - достардың жарты нанды бөліп жегені" деп ДИДИ бауырымыз шырқап жүрғо... Нағыз дос деп менің достарым қара Сәкен, Ақылжан мен Даярды айтуға болады.Даяр меннен бір жас үлкен.Бәріміз де балалар үйінде өстік. Біздер кішкентайымызда бір бірімізді дос деп санаған жоқпыз.Көрген кезде жай ғана амандасатынбыз.Бір күні жалғыз келе жатырғанымда мені бөтен толпаның балдары ұстап алып қорқытып бір маселе бойынша жауап алғысы келді.Мен де ерегесіп, сол жерде бәрі мені жан жағымнан теуіп бастаған кезде Даяр тап болды. Даяр келді де, ең ірісін жағасынан ұстап тартып қалып баспен сүзгенде тұрған жерінде талып қалып опырылып құлағанғо. Сөйтіп олар қашып кетті.Содан кейін біздер дос болып кеттік,он жылдан астам уақыт бірге жүргенде бір бірімізге деген достығымызды талай дәлелдедік.Сәкен деген досым мен больницаға түсіп қалған кезде қан беретін оншақты адам жинап әкелді.Барлығымыз бір бірімізді өте қатты сыйлаймыз.Кішкентайымда менің қорлықтан, ызадан жылаған күндерім де болды.Сол кездерде Ақылжан деген досым маған "Е, мұңайма! Он екі мүшең сау кезінде жылауға болмайды.Өмір деген керемет! Тек қысқа демесек..." деп айта беретін еді. Менің ойымша біздің достығымыз мәңгілік, бұл ғаламда біздер сияқты , соның ішінде Даяр,Сакен,Ақылжан төртеуміз сияқты мықты достардың саны көп емес.Өмірдегі ееееееңң қиын нәрсе сол досыңнан айырлыған екен.Бұл күнде Ақылжаннан мәңгілікке айырылдым, Даяр мен Сакен жазықсыз тар қапаста отыр.Мен ғана бостандықтамын.Барлығы басқалардың әділетсіздігінің кесірінен болды.Өмірдегі адамдар әділетсіз екен.Абайлаңыздар, соның ішінде ақшаны қатты жақсы көретіндерден сақ болыңыздар олар үшін адамның тағдыры бір тиын екенін көрдім.Сондай жандармен дос болмасын деп айтып отырғанымғо.
Даяр,Сакен,Ақылжан  және сен Бригадасындар ма сонда? )))
Белгісіз
+3 дауыс
Менің досым бар. Есімі - Ақназар. Екеуіміз осы жерде 2-сыныптан бері доспыз. Екеумізді тек басқа нәрсе ғана айыра алады. Толық есімі - Құрманбай Ақназар. Екеуміз үнемі бірге жүреміз. Осы жауапты жазып отырғанымда да қазір жанымда отыр. Екеуміз дискоға, вечер , т.б. жерлерге бірге барамыз. Бірге ойнап, бірге күлеміз. Былай айтқанда - бауырмыз десек те болады.

Мынадай қызық оқиға болған: Мектепте жаңа мұғалім келіп екеуміздің фамилиямыз бірдей болған соң ағайындысыңдар ма?- деп сұрағанда : Екеуіміз көршіміз деп жауап бергеніміз бар.

Ақназар - жақсы жігіт, өзін ұстай алады. Үлкенге үлкендердің көзімен, кішіге кішілердің көзімен қарай алады. Жалпы - жақсы жігіт. Достарын бағалай біледі. Әзілдескенді ұнатады. Міне, менің досым осындай!
0 дауыс
Нағыз дос деп қуанышты сәттер де ғана емес, қиын сәттерде де бірге бола алатын, материалдық жағынан, тіпті досы үшін жанын қию керек болса, жанын да аямаған адамды нағыз дос деуге болады.
0 дауыс
Мен досымды 1 сыныптан бері танимын, әлі де жақсы доспыз. Екеумізді көбінесе мұғалімдер шатастырып айтады. Мен оның барлық ағайындарын танимын, олар да мені таниды. Ол өте жақсы  адам.
0 дауыс
Қиын сәтте қасыңнан табылатын, саған болсын, сен жалғызсырағанда сыр бөлісетін адам, ондай адам менің өзімде 2,3адам,
0 дауыс
Менің досым Айсултан ол тентек бірақ жаман бала емес! Онымен 1сыныптан бері доспыз. Ол жубатуга дайян тұрған дос деуге болады. Ол екеуміз шын доспыз.
0 дауыс
Менің достарым жетерлік.Бірақ балалық шағымнан досым - Қуандық Қайырбек.Ол баламен балалық шағымнан доспын.Ол екеуміз алғашқы 1 сыныпта бір-бірімізден кездестік.Ол екеуіміз әлі күнге доспыз.Ол екеуіміз бір-бірімізден айырылмаймыз деп уәделестік.Ол туралы қысқаша айта кетейін.

Қуандық Қайырбек - мектеп кезінде үлгерімі төмен болды , бірақ оны дос бола бердім.Мінезі жақсы.Біреуді келеке етпейді.Адамдарды сыйлайды.Нағыз жігіт.Сөзіне тұрады.
Өмірлік шынайы дос - әрдайым сіздің жаныңызда табылатын, қандай жағдай болмасын қол ұшын беруден аянбайтын, өмірдің суығы мен аптап ыстығында қасыңыздан табылатын, жаныңызды түсініп қайғы мен мұңды, бақыт пен шаттықты теңдей бөлісетін, сіз жеткен табысқа өзі жеткендей қуанатын, жаныңызды өзіңіздей түсінетін, сырыңызды бөлісіп, жүрегіңізге ізгілікті тұрақты ететін адамдар қауымы. Тіршілігі қайнаған,дүбірге толы бұл ғаламда шын дос таба алмайтын адамдар саны кем де кем шығар. Халық даналығында "Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын" деп бекер айтылмаған. Алайда,қазіргі өмір жағдайында достың санына емес,оның адамгершілігіне қараймыз. Біздің қоғамдағы болып жатқан барлық оқиғалар БУМЕРАНГ секілді орын алып жатады. "Жақсылыққа жақсылық" деген сөз бар емес пе? Егер сіз біреуге шын, адал дос бола алсаңыз, міндетті түрде сізге де өзіңіз секілді шынайы, достыққа адал серік те табылады. Меніңше, адам баласы мына жалғанда өзіне, өзгелерге де жақсылық жасаудан ешқашан шаршамауы керек. Себебі, Қасиетті Құран Кәрімде "Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық жасаса соның қарымын алады" делінген. Қамшының сабындай мына қысқа өмірде тек жақсылық жасап өткенге не жетсін?! Ренішке мүлдем орын да болмауы керек деп есептеймін. Бірақ біздің бар қылығымызды, мінезімізді біле тұра бізге деген достығы адал болған жандарға қалай ренжи аламыз? Жоқ,ондайға жол бермеуіміз керек. Достың ешқашан сенімінен шықпауымыз қажет, оның адалдығын сақтап, достық жібін нығайта түсу керек. Себебі, дос деген сіздің өмірлік тірегіңіз, достық - баға жетпес, теңеу табылмас өмірлік құндылығыңыз. Дос жылатып,дұшпан күлдіріп айтады. Менің осындай өмірде ұмытылмас досым бар,тіпті бауыр да болып кеттік. Есімі Бақыт. Менің жүргем ортамда Бақыт  жайлы айтпаған кезім тым сирек болған шығар. Себебі Ол жайлы айтсам сөзімді тауысып  біте алмаймын. Бір мектепте 7 жыл оқып,бір сыныпта 2 жыл оқыдық. Ол ер бала,ал мен қыз баламын. Бір сыныпта оқыған алғашқы жылда Бақытпен сөйлесуге ұялып,тек математикадан есеп сұрайтынмын. Біздің сынып жаратылыстануға бағытталғандықтан көпшілік оқушылар есеп жағынан жүйрік болатын. Уақыт өтіп 11 сыныпқа өткенімізде ұялы телефон номерімізді сұрап дос бола бастадық. Үй телефонымызға ұл сыныптастарым қоңырау шалуға қысылатын.Сонда Бақыт "Фариза,біздің үй телефонды мазалап жіберші" деп смс жазатын.Мектеп кезі өте қызықты естен кетпес кезең болды.ҰБТ деген үлкен сынақ бәріміз үшін қорқыныш әрі уайым болатын.Сынақтардан 4 алып қалсам Бақыт "уайымдама, Алтыныңды аласың,сен тек 5 алуға лайықтысың" деп қолдау көрсететін.Білмеген сауалдарыма дұрыс жауапты іздеуге асығатын. Ешқашан қол ұшын беруден аянбайтын. Мектепті аяқтап еліміздің жан-жағына арман арқалап, білім алу мақсатында сапарға шықтық. Бақытпен бағытымыз бір қалаға түсті. Міне,4 жыл уақыт та өтіп студенттік өміріміз соңына таяп қалды. Біз әлі де доспыз. Кейде құрбыларым "Осы сендер доссыңдар ма,әлде..." деп қояды. Біз шынайы доспыз. Достық ғұмырымызда бір-бірімізге барлық жағдайда да көмек беруден қалған жоқпыз. Тіл-көз тасқа. 4 жыл бойы мені теміржол вокзалынан күтіп алудан яки шығарып салудан шаршаған емес,телефонда осы күнге билет алдым,сол баяғы дәстүрмен десем, поездың келетін уақытын, вагонын мен айтпай-ақ сұрап күтіп алуға дайын тұрады. Менің қиналған сәтімде әрдайым демеушім болды, бақытты сәтімде дәл мендей қуанып қолдау көрсете білді. Қателігім болса ақырын ғана түсіндіретін. Бір-бірімізге психолог та болдық))) Бақыттың асқақ армандары мықты.Техникалық мамандықты аяқтағалы жатса да, әдебиеттен, өнерден қол үзген емес. Өзі өлең жазып, оны ән етіп шырқайды. Маған ұсыныс тастап, бірге дуэт жаздыртқан да едік. Ол біз үшін әлі күнге дейін ХИТ әуен болып қалды. Жүрген ортасында халықпен тез араласып, ортақ әңгімелері жарасып та кетеді. Бақытқа кейде әзілмен айтып қоямын "Менің шаңырақ көтеру тойымда менің болашақ өмір жолдасыма күйеу жолдас боласың " деп,сонда Бақыт "Онда қыз жолдас Әлия (бұл оның болашақ жары,бұйыртса)" деп қояды. Мен жай ғана жымиып қоямын. Мен Бақыт досыма тек жақсылық тілеймін.Оның атына заты сай болып, бүкіл адамзат қауымына бақыт сыйлайтын, елімізге еңбегі сіңген азамат болуын тілеп қаламын.
0 дауыс
Мен досымды өте қатты жақсы көремін. Бауырымнан артық жақсы қөрем. Екеуміз бір-бірімізге жан алып, жан берісуге дайынбыз. Біздің достығымыз мәңгілік. Біз адал достарымыз. Мен досыма титейде күмән келтірмеймін. Біздің достығымызды басқаларға да берсін деп тілеймін. Досым менің керемет!!!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
8 жауап
+1 дауыс
8 жауап
+1 дауыс
1 жауап
Белгісіз 5.11.2014 Достық сұрақ қойды
+1 дауыс
11 жауап
...