Бауырлар! Өзіңе дос жолдас таңдағанда өте мұқият болуың шарт. Жаныңдағы жолдасың басыңа қиын іс түскенде сыналады. Қиындықта қолұшын беріп, жанын беруге әзір адам, міне сенің нағыз досың. Оған кез келген уақытта сенім артуыңа да, сырыңды айтуыңа да, одан көмек күтуіңе де болады. Ал «көлеңке» досты басқа ауыртпалық түскенде таба алмайсың. Қанша ізде, ізін суытып, жаныңнан қалай кетіп қалғанын өзің де аңғармай қаласың. Осындай «басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайтын, бұлт шалса, іздеп таба алмайтын» достық қазірде көптеп кездеседі. Амал достық, біреудің байлығына, атақ-даңқына бола дос болу – нағыз адам ақылының тайыздығы, ой-өрісінің тарлығы емес пе?! Адамды жаратқанда Аллаһ тағала өзгелерден артық сана берді, ал біз кейде санасыздың ісін жасаймыз. Ақшасы таусылып, атағы жер жарудан қалған күні амал достың тайқып шыға келетіні анық. Дос таңдаудағы қателігімізді артынан түсініп, сан соғып қаламыз. Өкінгенмен пайда жоқ. Бауырлар!!!