0 дауыс
479 көрілді
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік сала, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін қолдауға бағытталған шараларды іске асыру туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты ойыңызбен бөліссеңіз

1 жауап

0 дауыс
Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі. Медицина қызметкерлері кәсібінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау үнемі Елбасының назарында. Биыл да медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне назар аударды. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастыруға қатысты тапсырманы еліміздің медицина жұртшылығы қуана қабылдады. Себебі, науқастарды дерттерінен айықтыру үшін күн-түн демей, аянбай қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлерін де әлеуметтік қолдау қажет. Дәрігер мамандығын өмірлік кәсібі етіп таңдап алған адам үшін науқастың өмірін сақтап, дертіне ем іздеуден асқан міндет жоқ. Ауырып, сырқаттана қалған жағдайда кез-келген жан шипа іздеп, дәрігерлердің алдына барып, ақыл-кеңестеріне жүгінеді. Үмiтке үмiт жалғап, деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да солар. Медицина қызметкерлеріне адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін аса жауапты міндет жүктелген. Олар күн сайын мыңдаған операциялар жасап, он мыңдаған науқастарды қабылдап, емдеуде.
...