0 дауыс
13.9k көрілді
Көк шай ас қазақды тазартады ма? Көк шай ішсен беттегі қара дақтар, тітіркену, әжімдер кетеді деп жатады, қаншалықты шындыққа жанасады?

6 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.
Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге  қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.
Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНҚ-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты.
Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе?
Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.
+7 дауыс
Көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргiзген қытай ғалымдары кәдiмгi көк шайдың тағы бiр пайдалы қасиетiн дәлелдедi. Компьютер алдында тапжылмай жұмыс iстейтiн адамдар үшiн көк шайдың ағзаны компьютерлiк сәулелерден қорғайтын қасиетi бар екен. Шайдың жапырақтарында ағзаның жасушаларына әсер ететiн, радиацияны ыдырататын компонент бар көрiнедi. Компьютерден бөлiнетiн зиянды сәулелелерден қорғану үшiн қытай ғалымдары көк шайды көбiрек қолдануды кеңес етедi. Таңертең көк шаймен бет-мойынды жуу арқылы ұсақ әжiмдерден құтылуға болады екен.
+3 дауыс
Көк шайдан беттегі қара дақтар кетеді дегенді естімеппін, бірақ білетінім көк шай ас қортуға көмектеседі!
+3 дауыс
Мен озим кок шай кайнатып, арнайы лед кубиктары шыгатын формага куйып, муздаткышка салып катырамын. СОнымен танертен бетти суртемин. Ажимдердин профилактикасы. Каншалыкты пайдасы бар екенин интернеттен окып коринизши. Жане де кок шайды ишемин де. Агзадагы Зат алмасуды 4 %га жогарылатады, канцерогендерди( рак тудыратын клеткалар) жояды, агзаны тазалайды,,, пайдасы кооооп.
+1 дауыс
өзім көк шәйді набатпен асқазан ауырғанда ішемін.
0 дауыс
кок шайды ишкениме 2 жылға жуык уакыт болды. Кунине 2 рет. Менин жасым 21 де. Алайда соған карамастан мени курбыларым жане жана таныстарым маған 17 береді.Сіздерге айтарым кок шаймен бірге жасарыныз. Бакытты болыңыз.☺
...