0 дауыс
Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында еліміздің негізгі стартегиялық даму жолдарын айқындап берді. Мысалы, Жолдаудағы республикалық жолдарға аса қатты көңіл бөлінуі халықты қуантады. Осы төңіректе біздің өңіріміздегі «Теректі –Қалжыр» тас жолы биыл күрделі жөндеуден өтеді ме?
15.09.2015 459 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Салеметсізбе! Күршім ауданының Теректі және Қалжыр ауылдары арасындағы жол 124 шақырымды құрайтын «Омск-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» республикалық тас жолының бір бөлігі болып табылады. 2014 жылы жоғарыда айтылған жолдың 14 шақырымы 112 млн. теңгеге жөнделді. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жолды жөндеу жұмыстарына 100 млн. теңге бөлініп, он шақырым жол жөнделмек. Бүгінгі күні «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ жолды жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
15.09.2015

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,008Қолданушы