0 дауыс
3.7k көрілді
Альтруист деген кім?

1 жауап

0 дауыс

Альтруист -эгоистің антонимі , өзгенің өмірімен, өзгенің қуанышымен тірлік кешетін адам. Үнемі өзгеге көмек қолын созып, біреудің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын пенде. Әлбетте, қиын кезде көмек берсе, оның айыбы жоқ. Ананың баласына, не баланың анасына көмектесуі қалыпты жағдай. Ал альтруист өзіне бейтаныс адам одан көмек сұраса, одан бас тарта алмай, өз мүддесін тәрк ете отырып, соған көмектесе кетеді.

Жұрт қуанса, ол да жүрегі жарылардай қуанады. Ешкімнің меселін қайтарып, тауын шағып тастай алмайды. Жұмсақ мінезді, сабырлы альтруистер біреуге көмектескеннен ләззат алып, рақат табады. Және көрсеткен көмегі үшін қайтарым талап етпейді. Риясыз көңіл, кіршіксіз пейілімен көмек көрсетеді.

Альтруистің ең жағымсыз тұсы мынау. Өзгенің ауасымен тыныстайтын альтруистер өз басын екінші кезекке ысырып тастайды. Альтруизм сізді біреудің қолжаулығына айналдыруы мүмкін...

Альтруистің жарқын үлгісі - Прометей. Прометей Зевстің қарсылығына қарамастан, адамдар өмір сүрсін деп оларға Олимптан ұрлап, от әкеліп берді. Бұл үшін Зевс оған лайықты жазасын тартқызды. Прометейді құзар шыңға шынжырлап тастады. Күн сайын бұғаудағы Прометейге бүркіт ұшып келіп, оның денесін шоқып жейтін. Аңыз бойынша, Құдайлар ажалсыз болғандықтан, Прометей өлмесе де, нағыз азапты тартып жатты. Прометей Зевсті тақтан құлата алатын құдіретке ие еді. Бірақ, ол адамдар қиналмасын деп жан төзбейтін азапқа шыдап бақты. 

Әр кәллада бір қиял. Әр адамда бір арман. Альтруист осы өмірдің бақыты біреуге көмектесуден алатын рақат деп түсініп, жан қалауын қанағаттандыра отырып, сәтсіздікке тап болып жатса, оның себебі өз басымды ойламаудан деп санамайды.

http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/2146/

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...