0 дауыс
842 көрілді
Былтыр осы сөзді алғаш естігенмін, бір балаға тестіден осы сұрақ келгенде, өзгенің өмірімен, қызығымен біреу үшін өмір сүретін адамды альтруист деп атайды екен. Альтруист болған дұрыс па немесе бұрыс па?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Альтруиcтер жалпы қоғам үшін өте қажет әрине, бірақ психологиялық ғылыми тұрғыдан келгенде альтруизмде потологиялық бірдеме бар сияқты ("комплекс неполноценности" ма содай бірдеме болса керек), Үнемі жұртқа көмектескенде өз сезімін қанағаттандыру үшін ғана көмектесетін сияқты болып көрінеді маған.Сол жағынан ойлап қарағанда альтруизм де эгоизмнің бір түрі болса керек.... ой, не жазып кеттім, ойым шашырап кетті ғой... Қысқасы адамдарға көмектескендегі өзімнің ойым.. (ойыма көп мән бере бермеңдер, махабатты да психикалық ауытқушылық деп ойлайтын адамға қалыпты ойлар). Кейде адамға осындай бүртүрлі ойларкелетіні бар

))))) Маған да осындай ой келген болатын)) Әсіресе біреуге көмектескенде ол адамға көмегі тисе екен дегеннен гөрі, өзімнің әлденеге жарайтынымды, біреуге керек екенімді сезінгенім әлдеқайда маңызды көрініп кететіні бар.... Пендеміз ғой) Бірақ тек өзгені ойлайтын альтруистер бар деп ойлаймын!)
+1 дауыс

Альтруизм (лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу. Эгоизмге (лат. -ego - мен) қарама-қарсы. (Википедия)

Меніңше дұрыс. Бірақ әуелі өз отбасыңа, жақындарыңа қамқор болуды үйренген соң ғана өзгелер үшін өмір сүруге болатын сияқты. Бір сөзбен айтқанда, әуелі жақындарыңды жарылқап алған дұрыс. Қазір әлемдегі көптеген түйткілді мәселелер (мыс.экологиялық ластану, табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесу, бейбітшілікті сақтау, т.б,) NGO-лардың (Үкіметтік емес ұйымдар) белсенді қызметі арқасында шешімін тауып, шешімін таппаса да, жұрт назарына ілігіп жатыр емес пе?! Ол адамдар өзіне тікелей пайдасы да, қатысы да жоқ істі неге істейді деп ойлайсыз? Өзгенің, барша адамзаттың мүддесін өзінен, күнделікті нәпақасынан жоғары қойғаны үшін болар... Өз басым мұны қолдаймын. Егер альтруистер болмаса, эгоистері басым мына әлемдегі әділдіктің таразысы теңесер ме еді?!)))

Ойыңыңызды жақсы жеткізіпсіз, дұрыс болар, бірақ менің түсінігім басқашалау

Ұқсас сұрақтар

...