0 дауыс
5.6k көрілді
Дебют деген қазақша қалай болады?

2 жауап

0 дауыс
Алғашқы, тұңғыш, бірінші деген мағынада қолданылады.
0 дауыс
Дебют -  – адамның белгілі бір істі бастаудағы ең алғашқы қадамы. Мысалы, актердің сахнада немесе белгілі бір театрда, байқауда, т.б. бірінші рет өнер көрсетуі. Мұндай адамды дебютші (дебютант) дейді. 18 ғасырда Еуропа және орыс театрларында актерді труппа құрамына алмас бұрын көрермендердің алдында сынақтан өткізу үрдісі болған. Көптеген ірі театрларда актерлер 3 дебютке дейін, кейбір елдерде (Францияда) 10 дебютке дейін көрсететін болған. Ал Кеңес заманындағы КСРО театрларында бұл дәстүр жойылып, дебют тек бірінші рет өнер көрсету мағынасында қолданылады.
...