Арықтау үшін қандай би түрін таңдау керек?

0 дауыс
1.1k қаралым
Арықтау үшін қандай би түрін таңдау керек?
• Санаты: Тазалық

4 жауап

0 дауыс
Өз басым араб биін билер едім...
0 дауыс
Реггетон биі, бұл би тез қимылды қажет етеді!
0 дауыс
Зумба, шығыс билері, латино
0 дауыс
Аяғыңызды арықтата алмай жүрсіз бе? Онда, аяққа арналған, көп қимыл аяқпен жасалатын биге барыңыз. Мұндай биге сальса мен мамба биі жатады. Ча-ча-ча биі де аяқтың бұлшықеттерін қатайтады. Оған қоса, жүрек қағысын ретке келтіпіп, төзімділікті шыңдайды.

Ал, егер аяғыңыздың формасын өзгертіп не кішкене ғана түзетем десеңіз, классикалық билерге барыңыз.

Мақсатыңыз — артық салмақтан арылу болса, хип-хоп не R’n’B билерін үйрететін топтарға жазылыңыз.

Іштің майын кетіріп, бөксені қатайтқыңыз келсе, мықын биіне барыңыз. Шығыс биінің әйелдің жасын ұзартып, сексуалдығын арттыратын да қасиеті бар.  Дәл осы би әйелдің мүсінін әдемі етуге көмектеседі. Үнемі би сабақтарына қатысып, тұрақты айналысатын болсаңыз, іштегі бұлшықеттер қатаяды.

Қол, мойын, дененің жоғары жағындағы майларды кетіріп, бөксе мен балтыр бұлшықеттерін жаттықтырғыңыз келсе, Фламенко биінің (испан биі) ықпалы көп.

Аз уақытта көп салмақтан арылтатын Go-Go биі бар. Бұл би тез қимылдауды қажет еткендіктен адам көп терлейді. Термен бірге калория да, май да шығады .

Жастар арасында кеңінен танымал билердің бірі — брейк-данс. Бұл гимнастикалық қимылдар арқылы иілгіштікке, икемділікке үйретеді.

http://aikarakoz.kz/%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83%D2%93%D0%B0-%D0%BA%D3%A9%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%81%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD-%D0%B1%D0%B8-%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
25.02.2022 • Санаты: Тазалық Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
9 жауап
0 дауыс
2 жауап
20.01.2017 • Санаты: Жалпы медицина Айну Асанова сұрақ қойды
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы