+2 дауыс
46.4k көрілді
Етеккір дегеніміз не? Интернеттен таппадым

4 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Кейбір әйелдер етеккірі келген кезде ашушаң, күйгелек болады, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы организмдегі кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілен отырғаны жөн. Некеде тұрған әйелдерге мұндай календарь қай кезде жүкті болғанын неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатынас жасауға, ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек қана душта жуыну керек. Етеккірі келген уақытта қанның көп бөлінуіне себеп болатын спиртті ішімдіктерді, ащы тұздықтарды пайдалану дұрыс емес. Бұл кезде әйел организмінің түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалан, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Етеккір мерзімі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.[1]

Хайыз, Етеккір - әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан. Хайыз Имам Ағзам мазһабы бойынша, шамамен 9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады. Хайыз болған әйел намазы мен оразасын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын «жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі - үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан төмен, жоғары болса үзір қайы деп саналады. Хайыз қайы - Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір әйел Хайыз жағдайында болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адам қыздарына жазған нәрсесі», - дейді (Бухари, Хайыз/1,7).
Рахмет саған.Аңгіме жок
+6 дауыс
Еттеккір - әйел ағзасындағы менструалды циклының бөлігі, қансыраумен шығарылатын эндометрияның функционалды қабатының бөлініп алынуы. Ең алғашқы етеккір кезеңі(цикл) санағы етеккірлеуден бастау алады. ( менструация)
 кідірген етеккір → замедленная менструация
мардымсыз етеккір → скудная менструация
мезгілсіз етеккір → преждевременная менструация
етеккір жүргізетін дәрі-дәрмектер → месячногонные средства___қателесуім мүмкін.
Керемет медиксіз ба? )))))))))))))))))))
Майрош ханым, Емес екенмін_)))  __естігенімді жазғаным...Медиктік оқуды оқу керек пе еді??!!__* ))
Жоқ анықтап жызып жібердіңіз. НАқты жауап осы ғой)))))))))))
етеккірдің не екенін қыздардан қарағандда жігіттер жақсы білетін сияқты ғой
Белгісіз
:Жымидым: , күлдім..)
+5 дауыс
Етеккір дегеніміз орысша "месячные" енді түсінген шығарсың?
0 дауыс

Әрбір әйел, жарты жылда бір рет болсын, гинеколог маманына қаралуы керек. Алайда, кеңес үкіметінің дәуірінде өмір сүрген әйелдерге, жай ғана тексерілу түгіл, емделуге барудың өзі ұят болып көрінеді. Себебі, гинеколог міндетті түрде сұрақ қояды. Арасында, тіпті жауап беруге ыңғайсыз сұрақтар да болуы мүмкін. Әрине, дәрігердің мұндай сұрақтарды жайдан жай қоймайтыны анық. Олай болса, не үшін?

Гинеколог қоятын сұрақтар сіз жайлы өте көп мәлімет бере алады. Тіпті, анализ нәтижелері мен гинекологиялық орындықтағы тексеріс көрсете алмаған нәрселерді дұрыс жауаптарыңыз арқылы анықтауға болады. Бұл, өз кезегінде, дәрігердің дұрыс диагноз қоюына кепіл болады. Тек, берген жауаптарыңыз шынайы болса, болғаны. Есіңізде болсын, кәсіби маман еш уақытта сіздің жауаптарыңыз үшін сізді айыптап, кінәлап, ұялтып отырмайды.

Сонымен, гинекологқа барарда қандай сұрақтарға дайын болу керек?

1. Алғашқы етеккір неше жаста келді? Әдетте, етеккір 12-15 жас аралығында келеді. Одан тым кеш немесе тым ерте келген етеккір қыз баланың жыныс мүшелерінің дамуындағы ауытқу болып саналуы мүмкін. Сондықтан ең алғаш етеккір келген кезді есте сақтаған абзал. Сонымен қатар етеккір келген кезде әйел адам қатты ауырсынады ма, жоқ па? Қан қаншалықты мөлшерде бөлінеді? Осы және басқа да сұрақтар әйел адамның ағзасы жөнінде маңызды ақпарат береді. Кәсіби маман сол ақпарат арқылы аталмыш белгілердің ағза физиологиясының ерекшелігі ме, әлде ағзадағы қауіпті ауру ма екенін анықтай алады.

2. Соңғы етеккір қашан келді? Қалыпты жағдайда, етеккір айналымы 21-35 күнді құрайды. Соңғы етеккірдің келген күні дәрігерге әр түрлі ақпарат бере алады. Мысалы, тұрмыстағы әйел үшін етеккірдің ұзақ уақыт бойы келмеуі жүктіліктің белгісі болуы мүмкін.

3. Жыныстық қатынасқа неше жастан бастап түстіңіз? Етеккірдің басталуымен бірге қыз баланың ағзасында алуан түрлі өзгерістер басталады. Сол сияқты, жыныстық өмірдің басталуы да, ағза үшін із-түссіз кетпейді. Сонымен қатар, ерте басталған жыныстық қатынастар болашақта түрлі аурулардың себебі болуы мүмкін. Сондықтан, бұл сұраққа неғұрлым шынайы түрде жауап берген дұрыс.

4. Қанша рет жүкті болдыңыз және қанша рет түсік тастадыңыз? Бұл сұрақтарға, көп жағдайда, тұрмыс құрмаған әйелдер жауап бергісі келмейді. Алайда, бала туу мен түсік тастау ағзаға бәрінен қатты әсер ететін үдерістер. Жас кезінде түсік тастап, артынша тексерістен өтпеген әйел оның зардабын бірнеше жылдан кейін кешуі мүмкін. Сондықтан бұл сұрақтың жауабы әйел адамды артық тексерістер мен жалған диагноздан сақтап қалуы мүмкін.

5. Гинекологиялық немесе инфекциялық аурулар болды ма? Кейбір аурулар ағзада ізін қалдырмастан жазылып кетпейді. Кейбір аурулар жыныстық органдардың түрін, қызметін және т.б. өзгертуі мүмкін. Сол себептен, дәрігерге барлық аурулар жайлы толық ақпарат берген дұрыс.

Қорытындылай келе, гинеколог маманға барар алдында есте сақтайтын бірнеше ережелердің тізімін келтіргенді жөн көрдік:

  • гинекологқа қаралудың ең тиімді күндері - етеккірден кейінгі алғашқы апта;
  • гинекологқа барар алдында кіші дәретке отырып, жуынып барған жөн;
  • гинекологқа барардан 2-3 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеген абзал, себебі қынапта шәуеттің белгілі бір мөлшері қалып кетуі мүмкін;
  • тексерістің алдында таза іш киім киіңіз;
  • егер жақын арада антибиотик курсын қабылдасаңыз, гинекологқа қаралуды 1-2 аптаға кейін қалдырыңыз.

Ұқсас сұрақтар

...