+2 дауыс
688 көрілді
Өзіңнің кемшілігіңді басқа жанға айтқан дұрыс па?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан жалғанда ешкімге сенудің де, кемшілігің болсын сырың болсын мүлдем басқа жанға айтуға болмайды.Себебі неде?....Өйткені адамдарға сеніп сырыңды айтасың, олардан қандай жауап келеді.Ой өкінішті, барі жақсы болады, сен мықтысын мұныды жеңіп шығасың десе, Бірі аянышты, жаны ашыған түрмен қараса, бірі ішінен күліп турады. Жұрттың ой-пікірінен сенің өмірің өзгермиді,сол орнында.Қиналмасаң жеңілдемисің. Шындығында олар сенің сол кезде қандай күйде турғаныңды да түсінбейді, Сенің өміріңе бастарын қатырғылыры да келмиді. Сол үшін не болсада тәуекел деп кемшілігіңді де,сырыңды да сыртқа шығармауды үйренген дұрыс.
+1 дауыс
Жаны ашитын адамдарға айтқан дұрыс.
кімнің шынымен жаны ашитынын біле алмайсың
Ханзада болсаң мейлі, жағымпаздар көп болады. Бірақ қарапайым адамдарға біле алмайтындай не бопты.
+1 дауыс
Айтпа !  Олар керісінше қуанады, сосын артынан, осындай ақымақ екеніңді енді білдің ба? деп, мазақтайды. Қазір жаны ашитын адам жоқ.
0 дауыс
кемшілік сыртка шыкса ғана шешімін табады, айтқаныңыз дұрыс бир жағынан ол адамның сиз туралы пикрин билесиз, екінші кемшілігіниздин шешілу жолдарын үйреніп аласыз !!!
+1 дауыс
"Ауруын жасырғанның өлімі әшкере" деген. Кейде бізге білінбейтін кемшіл тұстарымыз өзгелерге мен мұндалап тұрады. Сырт көз шыншы емес пе? Мінді сын түзетеді.
+1 дауыс
Жоқ ешқашан ашпаңыз.Егер сіз өзіңіз туралы бар нәрсені біреуге жайып салсаңыз. Сіз сол күннен бастап ол жанға қызықсыз болып қаласыз. Ешкімге өзіңіз туралы сырды шынды ашпаған жөн. Осал тұсыңызды біліп қалуы мүмкін.Адам барынша жұмбақ болса ғана қызық. Жан жағыңыздағы адамдар сіз айтпай-ақ жаман тұсыңызды білуі мүмкін ғой. Сіздің ашылуыңыз қажет емес.
+1 дауыс
Кемшілік бәрімізде бар! Жалпы кемшілікти әркімге айтпаңыз оны бір Алла ғана шешеді!
0 дауыс
Іштегі сырыңды сыртқа шығармау ол адамның нағыз адами қасиеті. Сондықтан оны "сыр" дейді. Ал сырыңды бәріне жаятын болсаң күндердің күнінде басыңа таяқ болып тимесіне кім кепіл. Дос дегенің ертең жау болып шықпасына кім кепіл,  ашық ауыз болмаңдар ол жаман қасиет.

Сырыңды сақтай алмасаң несіне адам болып жаралдың?  Қарап тұрсаң өз сырларын ашпайтын елдер бар, олар Жапондар, немістер, еврейлер, ағылшындар, европалықтар,  міне осы елдер алда тұр ғой экономика жағынан да даму жағынан да, бәрінен биік тұр, олар құпияларын сақтай алатын елдер, Ал ашық ауыздықтан Ежелгі гүлденген Отырар қаласы алай күйрегенін ұмытпаңдар! сатқындар лезде пайда бола салады.
...