0 дауыс
8.1k көрілді
Адам түсінде неше түрлі нәрсе көреді.Біреуі жақсы нәрсе көріп жатса,екіншісі жаман нәрсе көріп жатады.Сондай түсте көрген нәрсені өңіңде досыңа н/е ата-анаңа айтқан дұрыс па? Сіздер айтасыздар ма?

8 жауап

+1 дауыс
Жақсы, қуанышты түс болса, ең жақын адамыңа айтсаң болады. Жаман, қайғылы түс болса, айтпағаның дұрыс.
Жаман, қайғылы түсті айтса не болады?
Жаман болады... Не қыласың жаман нәрсе айтып? Біреудің көңіл-күйін бұзасың және ол түс ұзақ уақыт есіңнен кетпей қояды айтсаң. Жаман түсті ешкімге айтпай, тезірек ұмытқан дұрыс.
мммм))))
+1 дауыс
Өзіңе қатты ұнаған түс болса ешбір жанға айтпағаның дұрыс, себебі: сол жақсы түсті айтқан кісің ұрлайды, яғни сол кісінің де түсіне жақсы түс кіреді. Сол себепті өзіңе қатты ұнаған түсті айтпағаның дұрыс.
+3 дауыс
Айта бер, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
+1 дауыс
Ия айта бер, ештеңе етпейдi. Ал түс жорыту жағынан келсек, дiннен хабары бар, сауатты адамдарға жорыту керек.
+1 дауыс
Жасын Он екіден асқан болса айтып керек емес сияқты ата-аңаға! Досыңа барынша жақсы түсінді айт тек ! былай жорыту жағын білмим ол көрген нәрсе бола ма болмай ма ол жағынан адам бейхабар болып қала бермек!
0 дауыс
"Түс - түлкінің тезегі" деген бар емес пе. Ешкімге еш нәрсені айтудың керегі жоқ деп есептеймін. Тіпті өзіңіз де ол туралы ойланбай-ақ қойыңыз. Шынайы өмірге еш нәрсе жетпейді.
+1 дауыс
Айтсаң да, айтпасаң да ешнәрсе өзгермейді. Айтсаң орындалады н/е орындалмайды деген ырымдарға сенбегенің дұрыс. "Түс - түлкінің бо*ы" деп бекер айтпаған.
0 дауыс
Түсті тек түнде айтуға болмайды!
...