0 дауыс
6.0k көрілді

Қандай кітап оқуға кеңес бересіз?

Сіз қандай кітап оқисыз достар? Қандай кітап оқуға кеңес бересіздер немесе MUST READ?

Соңғы 5 жылдықта бизнес/мотивация/өзіндік даму тақырыбындағы кітаптар қаптап кетіп, жүрген-тұрған жеріміздің барлығын жаулап алғандықтан болар, әйтеуір, осы айтылған салалардағы кітаптардың біразын оқып тастадым. Одан, әрине, Уоррен Баффет болып кеткенім шамалы. Бірақ сонда да...

Оқымадым десем, өтірік болады. Ара-тұра әдеби кітаптарды да оқып тұрдым/тұрамын. Бірақ, бала кездегідей емес, розви әшкиді шешіп тастаған соң, көптеген әдеби туындылардың сылбыр баяндамасы, оқиғаның басталып болмай жатып, бітіп қалуы, тағысын-тағы факторларға байланысты, бұрынғыдай қомағайлық жоқ.

Алдыңғы күннен бастап Дулат Исабековтың "Қарғынын" оқып бастадым, чет не тсепляйт. Сосын қазақша кітап оқығанда орфографиялық, грамматикалық, стилдік қатесін жөндеп отыратын жаман ауру тауып алыппын. Пәле болды...

Осыған байланысты, бәлкім фбриендтерім жақсы кітапты ұсынып қалар деген оймен, өздеріңізден пікір күтемін.

Бірақ, соның өзінед менің мынадай шартым бар: ұсынатын кітаптарыңызды тек қана естіген емес, өздеріңіз оқыған, қатты ұнаған, сондай-ақ "Тимур, осы кітапты оқығаныңды қалаймын" деген кітаптарды ғана жазсаңыздар екен.

Сонымен, таяқ жерге тасталды, ұсыныс беру басталды!

Ал, сөзім құрғақ болмау үшін, өзім оқыған, қатты ұнатқан және "менің достарым оқысыншы" дейтін кітаптар мыналар:

Әдеби кітаптар:
Бердібек Соқпақбаев: "Балалық шаққа саяхат" (Әлі күнге оқымағандар бар екен)
Бердібек Соқпақбаев: "Өлгендер қайтып келмейді" (Әлі күнге оқымағандар бар екен)
Баққожа Мұқай: "Өмірзая"
Құрманбай Еспенбетов: "Күреңбел қасіреті"
Александр Дюма: "Үш ноян"
Грегори Дэвида Робертса: "Шантарам"
Кэтрин Бу: «В тени вечной красоты. Жизнь, смерть и любовь в трущобах Мумбая»

Ақылгөй кітаптар:
Брайн Трейси: "Нет оправданий"
Брайн Трейси: "Достижение максимума"
Джек Кэнфилд: "Цельная жизнь"
Стивен Кови: "7 навыков высокоэффективных людей" (бітірмедім)

Тайм менеджмент шалыс кітаптар:

Парабеллум А, Мрочковский Н "Бизнес. Перезагрузка"
Данияр Сугралинов "Кирпичи 2.0"
Парабеллум Андрей, Мрочковский Николай «Экстремальный тайм- менеджмент» (Даниярдың айтуынша, бұл орыс жігіттер кітаптағы сюжеттің негізін "Кирпичиден" зыңғытып кеткен. Дейтұрғанмен, оқуға болады)

Биография:

Уолтер Айзексон: "Стив Джобс"
Олег Тиньков: "Я такой как все"
Владислав Дорофеев: "Принцип Касперского"
Брэнсон Ричард: "Теряя невинность"
Стив Возняк: "Стив Джобс и я: подлинная история Apple"
Виктор Суворов: "Аквариум"
Марат Абиев: "Қазақстандық арман"

Жәй ғана мықты кітаптар:

Кен Робинсон: "Призвание" (Оқып бітірген соң өмір бойы мұғалім болып кеткің келеді) 
Грег Мортенсон: "Три чашки чая"
Кевин Митник: "Искусство вторжения" (ИТтерге арналады)
Роберт Остин: "Приключения ИТ-Лидера" (ИТтерге және project manager-лерге арналады, Nurlan саған кеңес беремін)

Маркетинг:

Майкл Стелзнер: "Контент маркетинг"
Сет Годин: "Разрешительный маркетинг"

Ислами:

Дәриға Өмірзаққызы: "Адамзаттың асыл тәжі" Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллалаһу алейхи уассалам) өмірбаяны)

Маңдайыма мылтық тақап тұрып оқытпаса, былайынша ел-жұрт қанша мақтаса да тісім батып оқи алмаған кітаптарым: 
Достоевский: "Братья Карамазовы"
Булгаков: "Мастер и Маргарита"
Джека Лондон: "Мартин Иден"

Дәл қазір есіме түсіп тұрған және ішінде не жазылғаны есімде сақталған кітаптар осылар. Қалғаны есіме түссе, толықтырып қалуым мүмкін.

Ал, енді, кезек сіздікі, ФБриенд!

Тимур Бектұр

Осы кітаптың барлығын оқып тастадың ба?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Антуан де Сент Экзюпери "Маленький Принц"

Джейн Остин "Гордость и предубеждение"

Фрэнсис Фицджеральд "Великий Гэтсби"

Маргарет Митчелл "Унесенные ветром"

Осы кітаптарды оқып көріңіз.... Соңғы 3 кітаптың киносыда бар негізі... бірақта, киносынан қарағанда кітап қызықты сияқты....

Булгаков: "Мастер и Маргарита" -қызығып оқи алмадым...
Джек Лондон: "Мартин Иден"-өте жақсы кітап....
Күшті. Күшті. 2 мен 4 ті оқығам.негізі оқығанымжоқ аудиокнига арқылы. Кітап таңдауыңыз менікне ұқсап кетед екен. Романтикалық жанрды жақсы көресізаудим
0 дауыс
Старик и море және Мужество ! мен бұларды оқығанмын, жақсы кітаптар, әсіресе Старик и море!
0 дауыс
Роберт Киосаки

Напалеон Хилл

Брайан Трейси

Бодо Шефер

Дейл Карнеги
0 дауыс
Қабдеш Жұмаділов "Дарабоз"
Мұхтар Əуезов "Абай жолы"
0 дауыс
Әр қазақ оқуы тиісті 50 кітап.

Мен 10 шақтысын оқыдым.

Сәттілік сізге ұнайды деп ойлаймын.

1. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
2. Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»
3. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Қан мен тер»
4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
5. Мұхтар Мағауин. «Алдаспан»
6. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
7. Әлжапар Әбішев. «Найзағай»
8. Зейін Шашкин. «Тоқаш Бокин»
9. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы»
10. Тахауи Ахтанов. «Боран»
11. Төлен Әбдіков. «Ақиқат»
12. Дулат Исабеков. «Қарғын»
13. Оралхан Бөкеев. «Қайдасың, қасқа құлыным?»
14. Мұхтар Мағауин. «Көк мұнар»
15. Шоқан Әлімбаев. «Даналық субстанциясы»
16. Марат Қабанбаев. «Қазақ қайда барасың?»
17. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
18. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
19. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
20. Жүсіпбек Аймаутов. «Ақбілек»
21. Смағұл Елубаев. «Ақбоз үй»
22. Қалихан Ысқақов. «Қара орман»
23. Рамазан Тоқтаров. «Бақыт»
24. Дүкенбай Досжанов. «100 әңгіме»
25. Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»
26. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
27. Ақан Нұрманов. «Құланның ажалы»
28. Ғабит Мүсірепов. «Кездеспей кеткен бір бейне»
29. Тұтқабай Иманбеков. «Құт ағашының көлеңкесі»
30. Тынымбай Нұрмағанбетов. «Қауын иісі»
31. Мұхтар Әуезов. «Қараш-қараш»
32. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
33. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
34. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
35. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
36. Марат Қабанбаев. «Бақбақ басы толған гүл»
37. Оспанхан Әубәкіров. «Ымды білесің бе?»
38. Әнуар Әлімжанов. «Жаушы»
39. Баққожа Мұқай. «Өмір зая»
40. «Бес ғасыр жырлайды»
41. Асқар Сүлейменов. «Бесін»
42. Ілияс Есенберлин. «Алтын орда»
43. Сопы Сматаев. «Елім-ай»
44. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш»
45. Сейдахмет Бердіқұлов. «Пердесіз көңіл»
46. Шәрбану Құмарова. «Әйел бақыты»
47. Марат Қабанбаев. «Сурет салғым келмейді»
48. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Сен»
49. Зейін Шашкин. «Сенім»
50. Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат»
0 дауыс
Тимур, сәлеметсіз бе !

Еспенбетов Құрманбай "Махаббатқа қиянат" романын оқып көріңіз
0 дауыс
сәуірбек бақбергенов Ақ боз атты ару әрине қазір болса, уйде еді оқып журмін, Шоқан Үәлиханов және Шоқан Үәлихановтың қалай өзінің жар тандағаны туралы
0 дауыс
Кирпичи өте жақсы кітап екен.Міндетті түрде оқыңыздар, өте қызық. 3 түнде жатып алып оқыдым, почти ұйықтамай). Осы сияқты кітаптар бар ма, болса айтыңдарш.
...