Адамның жасы ұлғайған сайын ұмытшақ бола бастайды.Кейде бірнәрсеге жұмсағысы келген баласының атын ұмытып, үйдегі бар ұл-қыздарының атын түгендеп шығады.
Немесе жұмыста біреуге тапсырма бергіңіз келсе, атын ұмытып «кім… кім… бері келші» деп отырғаныңыз.
Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылудың жолы В1, 2, В 6 витаминдердің, Е витаминін, сондай-ақ бидайдың талқанын пайдаланыңыз, ал жұмыртқаға көп әуес болмаған жөн.Сондай-ақ, балықта, жаңғақта, шемішкеде жүйке жұмысын жақсартатын оттегісіз қышқыл көп.Бұлар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады.