+2 дауыс
3.7k көрілді
Ұмытшақтықтың емі бар ма?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, емеі бар. Егер адам кітап оқып, сөзжұмбақ шешіп, миын жаттықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырса, оның есте сақтау қабілеті де жақсара түспек. Сондай-ақ адам белсенді өмір сүрумен қатар, жанын күйзелтетін стресс, депрессияға қарсы тұра білуі, аса маңызды. Өйткені қызыққа толы өмір адамның есінде жақсы сақталып қалады да, жабырқаулы, уайымға толы сәттер, күйзелістер мен қобалжулар адам потенциялының төмендеуіне әкеліп, ми жұмысын әлсіретпек. Нәтижесінде адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, ұмытшақтыққа килігеді. Сол үшін бойыңды жазып, түрлі ойдың жетегінде сан-саққа жүгірген миыңды демалтып, қан айналымын жақсарта түсу үшін жаттығулар жасап жүру қажет-ақ. Себебі есте сақтау қабілетінің жақсы жұмыс істеуіне адамның салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануының әсері мол. Өйткені есте сақтау қабілетінің әлсіреуі дәрумендердің тапшылығын тудырады екен. Есте сақтау қабілетінің жақсы болуы үшін үнемі ас мәзіріңе ет, балық, жұмыртқа және сүтті тағамдарды қосып отырған дұрыс. Невролог маманның айтуынша, есте сақтау қабілетін жақсарту үшін жаңғақ, бұршақ тағамдары жақсы, сондай-ақ жылқының еті өте керемет, себебі онда холестерин аз да, аминқышқылдары көп. Ол есте сақтау қабілетінің қалпына келуіне пайдалы. Ал биенің сүтінде қоректік заттар көп, сонысымен пайдалы болып келмек. Назарға алатыны, темекі шегу мен ішімдік ішу де ұмытшақтыққа душар ететінін естен шығармаған дұрыс.
Жалпы, ұмытшақтыққа бой алдырмауға балдыркөк (сельдерей), мейіз, бадам (миндаль) көмектеседі екен. Сондай-ақ түйе жаңғағының (Грецкий орех) дәні адам миымен ұқсауы да тегін емес болар. Бұл жаңғақ адам миын жақсартудағы антиоксидантардың негізі болып табылады. Сонымен қатар адам суды да көбірек ішкен пайдалы. Адам ағзасында судың аз болуы миды тез қартайтады екен. Зерттеулер бойынша, судың жетіспеушілігінен ми өлшемі кішірейеді екен. Ал судың жеткілікті болуы үшін адам дене салмағының 1 келісіне 20-30 мг-дай су ішуі керек күніне.
Халықтық медицина бойынша, клевер өсімдігі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жарты литрлік банкіге клеверді салып, оған спиртті ішімдік құйып, 14 күнге қараңғы жерге қою қажет. Кейін үш ай бойы жасалған тұнбаны тамақ алдында немесе ұйықтар алдында ішіп отырсаң, есте сақтау қабілетін жақсартпақ.
http://baq.kz/news/19881
+1 дауыс
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
...