0 дауыс
328 көрілді

Алматыда орын алған су басу жағдайын алдын алу мүмкін бе еді? Алдын алу мүмкін екен. Бұл салғырттық пен салақтық және немқұрайдылықтың салдары екен. Егер де әкімшілік пен тиісті мамандар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараса, су деңгейін бақылап отырса, толып кетпеуін жіті қадағалап, уақтылы суды өзендермен ағызып отырса дәл осындай жағдай болмас еді. Кеңес дәуірі кезінде тау етектеріне, су ағатын жолдарға плотиналар салынған, ел жайғасқан жерлерді су баспау үшін арнайы өзендерге бағытталған плотиналар көптеп салынған. Ендігі мақсат сол судың деңгейін уақтылы өлшеп, шамадан тыс көтерілетін қауіп болса уақтылы ағызып отыру керек. Ал біздің қазақ онымен жұмысы жоқ. Жауапсыздық. Егер осыған байланысты анықталып тиісті адамдар жауапқа тартылса мұндай қатер болмас па еді. Мүмкін мен дұрыс болжамай отырған шығармын, егер арамызда маман немесе түсінігі бар адамдар болса түсіндірсе екен. Осындай дамыған, 21 ғасырда су тасқыны мен су басулардың орын алуы салғырттық деп ойлаймын, әсіресе тау етегіне соншама плотиналар салып, тау суынан алдын ала қамданған Алматыны су басуы - барып тұрған қылмыс шығар. Кім не дейді?

2 жауап

0 дауыс
Әрине апатты алдын  ала болдырмау үшін мамандар жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл солардың салғырттығы. Алдын ала тексеріп, судың толуына байланысты бір тәсілдер қолдануы керек еді. Егер оны болжай алмаса, милары жетпесе, шетел мамандарынан ақыл-кеңес сұраулары керек. Ай бірақ олар оған басын, қатырғанша ,қарапайым халық зардап шеге салғаны оңай ғой оларға. Әрине салғырттық.
0 дауыс
Мүмкін болған жағдайда да Ешбір адам табиғатты басқара алмайды! Мысалы Жапондықтардың өзі қанша ақылды,жұмысты жақсы істейді дегенменде олар цунамиге қарсы шыға алмайды,Түркия,Қытайда да су тасқыны боды,оларды осал ел деп айту қиын,сондықтан  барлығын жақсартатын да жаман қылатын да Табиғаттын өзі,біздің қолдан келетіні осындай кезде бір-біріміздің қамымызды ойлап,мұндай апат кезінде  аман қалуға тырысу.....

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
4 жауап
Белгісіз 16.02.2014 Қоғам сұрақ қойды
...