+1 дауыс
Мен жас отбасымын. «Жас отбасылар» бағдарламасына қойылатын талаптар жөнінде білсем деп едім. Естуім бойынша Ақтөбе қаласында тіркеуде тұрғанымызға 3 жылдан кем болмауы керек екен. Біз Ақтөбе облысын, Қобда ауданында тұрамыз. Жас отбасылар бағдарламасы бойынша өтініш бере аламыз ба?
25.08.2015 984 қаралым

1 жауап

0 дауыс
«Жас отбасылар» бағдарламасына қатысу үшін ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы өтініш берген сәтте 29 жастан аспауы және некеге тіркелгендеріне 2 жылдан кем болмауы, барлық отбасы құрамының Ақтөбе қаласында тіркеуде болуы қажет. Аталған бағдарламаға қатысу үшін Ақтөбе қаласында тіркеуде тұру мерзімі шектелмеген.
25.08.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы