+1 дауыс
1.4k көрілді

«Қолжетімді баспана -2020» бағдарлама­сының өзі 8 санатқа бөлінеді. Оның ішінде арендалық үйлер деген бар. Арендалық үй­лер­ді кімдер ала алады деген­ге келсек, ең алдымен жас отбасыларға беріледі. Бағдар­­ламаның негізгі мақсаты да сол, жастардың баспаналы болуын қамтамасыз ету. Жас отбасылар арендалық үйлерге қалай қол жеткізе алады дегенге келер болсақ. 

Қолжетімді баспана -2020. Жас отбасыларға баспаналы болудың қандай жеңілдігі бар?

2 жауап

+1 дауыс

- Ең алдымен арендалық үй алуға арыз жазады. Арыз жазған уақытқа дейінгі жасы ерлі-зайыптылар­дың екеуінің де жасы 29-ға толмаған болу керек.

- Некеге тұру ұзақтығы есепке алынады (кемінде екі жылдан бастап есептеледі)

- Бұған дейін кемінде 5 жыл бойы атында үйі болмау керек

Айта кету керек, бір адамға 15-18 шаршы метрден деп есептеледі. Жас отбасыларға ең тиімдісі олар сол жаңа пәтерде тұрып ең алды­мен 8 жыл бойы үй бағасының 50 пайызын депозитке жинақтайды. Қалған 50 пайызын әрі қарай ең төменгі пайыздық несиемен төлейді. Бір атап айтарлық жеңілдік жас отбасылар аренда төлемейтіндігі, сонымен қатар өзінің жаңа үйінде тұрып 50 пайызын жинақтайды. Мәселен, қарапайым мысал, жас отбасы 50 шаршы метр пәтер алды делік. Әр шаршы метрі 80 мың теңгеден деп есеп­тегенде үй бағасы 4 млн. болып есеп­теледі. Сол 4 млн. теңге қаржының 50 пайы­зын 8 жыл бойы банк депозитінде жинауға тиіс. Сонда ай сайын 24000 теңгеден депо­зитке салып тұрады. Ал, 8 жылдан кейін сол пәтерді өз атына жекешелендіріп алып, әрі қарай 4 пайыз несиемен қалған 50 пайызын төлейді. Несие 4 пайызбен 15 жылға дейін беріледі.

Арыз наурыз айынан  қалалық «Тұрғын үй инспек­циясында» қабылданады. Ал, банк үй алғысы келетін­дердің төлем қабілетін анықтап береді. Бір айта кетерлігі, осы бағ­дар­­лама бойынша үй алғысы келетіндер банк­­ке келіп жеке есепшотын ашып, ақша жинақтай беруге болады. Себебі, ертең  са­лым­шы жинақтаудың алғашқы 6 айын бір­ден төлеуге міндетті. Сол уақытта осы кезден бастап жинақтаған ақшаңыз болса, әркімнің де өзіне  жеңіл болатыны сөзсіз. Жалпы, бү­гінгі уақытта әрбір азамат тапқан табысы­ның шамалы бөлігін болса да жинап үйрену қажет. Біздің қазақ ақша жинап үйренбеген. Бүгіннен бастап жиналған тиын ертеңгі күні баспаналы болуыңызға септігін тигізетіні сөзсіз.

- Пропискіде аудан, ауылдарда тіркелген жастар облыс орталығына осы бағдарлама бойынша үй алуға қатыса алады ма?

- Міндетті түрде облыс орталығында пропискіде болу қажет.

0 дауыс
менің жасым 24те, отбасы құрғаныма 2жыл болды. 1 балам бар. Үйді облыс орталығынан алғым келген жағдайда қалада пропискіде кемінде қанша жыл тұруым керек, әлде кезекке тұрар кезімде пропискімді аударсам боладыма?
...