0 дауыс
333 көрілді

Халық өз билігіне лайықты деп айтады, дұрыс па? Бірақ есіме Құрама Араб Эмираттары ылғи келеді. 1970-шы жылдары сол арабтар өте қараңғы, тіпті сауатсыз халық еді. Көпшілік балықшы боп өмір сүрген. Күнде теңізге барып балықты ұстап алып базарда сатып жүретін. "Дубай" деген сөз сол базарды білдіреді ғой.

1971 Ұлы Британияның отарынан босағаннан соң жаңа ұлттық-патриот эмирлер билікке келеді. Әсіресе эмир Заед өте сауатты я патриот болған. Нәтижесінде 20 жылдың ішінде Эмираттар бүгінгі эмират болды, ал арабтар өте бай, білімді халыққа айналып кетті. Айтпақшы, бұлардың дирхамы әлемдік ең тұрақты валюталарының біреуі.

Сонда арабтардың билігі өз тіпті сауатсыз халқын 20 жылдың ішінде өте бай және білімді қылып алды ғой? Ал қазақ халқы 1990-шы жылдары 1970-шы жылдары арабтарға қарағанда түгел сауатты, өте еңбекқор, адал халық еді.

Енді Тәуелсіздігімізге 25 жыл болайын деп жатыр, ширек ғасыр өтті деген сөз. Бір буының өмірі ғой. Сонда неге арабтар секілді бай және білімді бола алмадық? 20 жыл бұрын соншама жемқор да болған жоқпыз ғой.

Сонда халықтың билігіне әлде биліктің халқына ықпалы зор?

Мұхтар Тайжан

4 жауап

0 дауыс
Салыстырып қараңыз:

Қазақстандағы ең ірі мұнай газ өндіруші Теңізшевронның акциясы

Шеврон — 50 %,КазМунайГаз — 20 %,ExxonMobil — 25 %,ЛукАрко — 5 %. иелік етеді

Ал енді, Эмираттағы Абу-Даби Ұлттық компаниясының кез-келген ОАЭ-дағы компаниядағы үлесі өз заңдары бойынша 60 пайыздан кем болмауы керек
0 дауыс
Дұрыс Балық басынан шридi дегенде дұрыс, келстретин адам келистиреди !!!
+1 дауыс
Арабия халыкы оте енбеккор халык, жане ол жакта мунаи казып алыу, экспорты жаксы жетiлген. Алланын меирiмi тускен жер сиякты жалпы...
0 дауыс
Мысалы Малайзияда бұрын кедей мемлекет болған, билік басында отырғандар мемлекетті дамыту қолынан келмеген соң, билікті халыққа берген, үкімет сол кезде мыңдаған кәсіпкерге ақша бөлген осы мемлекетті дамытуға, бірден дамып кеткен жоқ, нәтижесінде келе-келе дами бастады.Демократияның болғаны дұрыс!
...