+1 дауыс
1.4k көрілді
Мен өзіме сенімсізбін бе, білмеймін, кейбір адамдарға келгенде мысым басылып қалады. Мысалы, бір мұғіалім бар еді, сол мұғалімнің сабағында өзімді белсенді ұстай алмаймын, не істесем де ол мұғалім дұрыс емес деп айтатындай, сондықтан тыныш отырғанды жөн көрем. Немесе кейбір мінезі қатты адамдардың алдында өзімді біртүрлі сезінем. Бұл неден? Және бұдан қалай құтылуға болады?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ондай ондай болып түрады ... мысалы мен жаңа ортаға бейімделе алмаймын, ол үшін маған біршама уақыт керек сияқты, мен бірақ оның шешімін тапқандаймын, ол үшін ертерек келіп бейімделіп  алам да, өз өзімді дайындаймын. Сабақ айтуым үшін де сол сабақ болар алдында тақтада 2-3 минуттай жүрем, классқа немесе группаға алдынан қарап көз үйретіп алам, шығар алдында мен бәрінен жоғарымын, мен барлығын білемін, үйде дайындалдым ғо осыған, неге айтпауым керек деген оймен шығамын. Бірақ қазір үйреніп кеттім, Өмірден түсінгенім адам өз ортасына байланысты өзгереді екен)) бұл таза шындық және тексерілген. Мен осылай болып қалады екенмін деген ой ешкімде болмауы керек, тек сол өзгертулер үшін біраз еңбектенуі керек, тіпті кейде "бұлай дұрыс емес" дегендерді де жасау артықтық емес меніңше.. тақырыптан ауытқып кеттііііііім)))) қорытындыдаа: сенің бұл сұрақта қойғаның, алғашқы қадамың ТоғЖан)) уақыт өте бұл сұрағыңа күліп қарайсың, бұл "кемшілікті" жою жолында алғашқы қадам жасапсын бастысы)) Өз өзіне сенімді бол ең бастысы, барлығы бірден Джоли немесе Джесика Альбаға ұқсап туылмайды бір кемшілік бәрімізде де болады, сен ол кемшілігінді өзің айтпасаң жан-жағындағылар оны елемейді, сол... Және әр адамді бір артықшылық бар, тек соны барлығы бірдей көрсете білмейді, әттең барлығы өз артықшылығын пайдаланса әлем басқаша болар ме еді...
Рахмет, тамаша ойың үшін!
+4 дауыс
ОЛ үшін өзіңді түнімен дайында. Мысалы сол сәтті көз алдына елестетіп көр. Оған айтатын сөздеріңді пландап қой. Мысалы "ол былай айтса мен былай деп айтам" деген сияқты. Осылай бірақ өзіңді дайындасаң Оның алдыңды өзіңді сенімді ұстарсың ))
+3 дауыс
Ең бастысы ештемеден қорықпаңыз!Саспаңыз!Ойыңызды тіке айтыңыз!Өзіңізге деген сенімділік осылай артады!
+3 дауыс
Бір сыр ашамын саған ,біздің бәр қорқынышымыз біздің басымызда дәлірек біздің ойымызда, ойыңа жаман ой келетін болса, оны жақсы позитивты ойға айналдыр, сосын ол әдетке айналады, мысалы лидер адамдарды қарастырайық, олардың  көптеген қорқыныштары бар, бірақ олар  оны жеңе біледі, олар өздері лидер боп туа қойған жоқ ,олардың лидерлі ойлау қабілеті пайда бола бастады, ол оңай, сен әр ситуациялардан позитивті жағын көре білуің керексің,  қорқақ сахнаға шығудан қорықса,  өзіңе сенімді  адам  қорықпақ түгілі одан ләззат алады.  Басты айтарым: Әр сәттен өзіңе ұтымды жағдай ізде!
Рахмет, керемет салыстыру!!!
...