0 дауыс

Менің жігітім жоқ, бірақ жігітімдей үнемі қасымда болатын,көмектесетін, қамқоршы, сондай сабырлы, ақылды бір адам бар. Бірақ мен оны толық танымаймын тек есімімен қайда оқыйтынын ғана білем. Ол мені аса құрметтейтінін, силайтынын және менімен араласқысы келетінін үнемі айтады. Өзі жайлы көп сұраймын, бірақ сұрасам жасырып көп ештенеме айтпайды. Ол өзін мүгедекпін деп санайды. Ал менше ол мүгедектер қатарына жатпайды, аяғында кішкене ғана сілтімесі бар. Менің сұрақ қою себебім ол менің өзіне сенгенімді қалайды, ал мен оған сенейін десем өзін үнемі құпия ұстайды неге екенін білмеймін. Біз танысып араласқанымызға екі жылдай болды. Мен оған қалай сенсем болады?

14.03.2014 846 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Ол адамға неге,нені жасыратынын өзінен тіке бетпе-бет сұраңыз.Неліктен сенбейтіндігіңізді анық жеткізген дұрыс,сонда ғана ол өз пікірін айтады деп ойлаймын.Егер ішкі ойыңыз алдамаса,сенбегеніңіз жөн.Мал аласы сыртында,адам аласы ішінде дейді ғо бұрынғы бабаларымыз.Шешім сізден....

14.03.2014
оте дурыс мыкты мыкты)

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы