Ауылға келін болып түскенде әп-әдемі еді. Бойы ұзын, дене бітімі сымбатты. Кейде көшеден көріп қалғанда түріне, киіміне қарап қызығатынбыз.
5 жылдан соң кеше көрдім. Кешегі келбет, күтім жоқ. Ауылдың салпы етек келіншегі болыпты. Неге деймін де?! Неге? Ауылда тұрса күтінбеу керек пе? Әдемі болмау керек пе?
Әйел адам әрдайым жарқырап, сұп-сұлу боп жүруі керек қой. Қанша бала туса да, үй тірлігінен босамаса да, айна алдына 15 минут уақыт жұмсаса жеткілікті.
Күн сайын боянып жүрмесе де, табиғи көркемдігін сақтап, маска жасап, шашын түзеп, тырнағын, қолын күтіп жүруі керек. Айына бір рет салонға барса да артық емес.