0 дауыс
1.3k көрілді
Енеме қалай ұнасам болады? Жақында тұрмысқа шығайын деп жүрмін. Бірақ енеммен қарым-қатынасымыз қалай болады деп алаңдаймын. Онымен бірге тұратын боламыз. Құрбыларым мен әпкелерім енелерін жамандап мені әбден шошытып қойды. Бара сала енеммен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін нені істегенім және нені істемегенім дұрыс?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Енең сенің күйеуіңнің анасы яғни сенің екінші анаң.Сен сол үшінде ол кісіні сыйлап сіз деп сәлеміңді салып,тірлігіңді тыңғылықты бітіріп жүрсең,қонақ келсе күлімдеп қарсы алсаң және дәмді тағамдар жасап отырсаң саған ешкім де ештеме дей қоймас.Қаншалықты сөйлесе де үндемей тыңдай бер,ол кісілер білгенін айтады,көңіліңе келсе де жүрегіңе жақын алма және жолдасыңа жамандама.Кетіп қалу,сөз қайтару,дауыс көтеру деген ойыңа келмесін.Қорықпа.Сен мықты болуың керек! Сен бәрін де жеңесің!
–1 дауыс
Жол мұраты жету, Қыз мұрату кету демекші, ақ босағаны аттау қыз балаға парыз болып саналады.Сол құрған отауды сақтау, қыз балаға байланысты. Енеңе өз анаңдай қара. Әркімнің өмір жолы әр қилы, оның енесі нашар екен, менікі де нашар болады ау деген сенімсіздіктен арыл. Әр нәрсе өзіңе байланысты екенін ұмытпа. Яғни, сыйлы және ибалы келін болу өз қолында, Шын көңіліңмен істесең, енеңнің қызындай болып кетесің. Негативті сөздерін көңіліңе алма. Ең бастысы, жарыңа енеңді ешқашан жамандама, керісінше жақсылығын асырып, кемшілігін жасыруға тырыс, Бақытты бол!!
0 дауыс
Сіз жақсы көрсеңіз сізді де жақсы көреді.
0 дауыс
Енеге ұнай қиынның қиыны.Енең сені жақсы көріп тұрсада саған қатал қарайды.Қазақтың қанына сіңіп кеткен
0 дауыс
Апа апа деп бетiнен сүйiп лыпылдап жүре бер, қысқасы қу бол...
...