0 дауыс
1.0k көрілді

Менің тұрмыс құрғаныма 2 жарым жыл болды. Қазір 2 қызымыз бар. Үйде ата енем, қайнапам және 3 қайын сіңілім бар. Айтайын дегенім бірінші қызым енемнің қасында. Оны бізге бергісі келмейді. Қанша дегенмен немересиі болғасын қызғанатын шығар деп үндемеймін. Бірақ бір түсінбейтінім қайынапам жасы 30-ға келіп қалды. Сол қызымның қасынан шыкпайды. Бізді қасына жолатқысы келмейді. Қызымда соны көрсе болды шешесін көргендей қуанып жүгірет. Тіпті маған олай жүгірмесе де ал менде аздап қызғаныш пайда болады. Тіпті бұл үйден қыздарымды алып кетіп қалғым келеді. Өз қызым озімнен алыстап бара жатқандай көрінеді. Ал екінші қызыма ешкім қарамайды жылап жатса да. Ешкім бармайды қасына. Күйеуіме айтсам ол бөлек шыққысы келмейді. Мен бұл үйде бөтен адам сияқтымын. Үнемі жалғызсыраймын. Қыздар барда бұл үйде маған орын жоқ. Мұны енемнің қылықтарынан талай байқадым. Мен енді не істесем екен, ақыл қосыңыздаршы өтінемін. 

p.s. Кері байланысқа келген хат. @Jako ағасы не айта аласыз. Қазақта Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда деген сөз бар еді ғой. Көпті көрген жан ретінде осы жеңгемізге не ақыл айта аласыз. Рахмет!

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен де үйдің үлкенімін. Кішкентай кезімде ата-әжеммен, тәтеммен бірге тұрдық. Мені әжесінің баласы дейтін. Әжем күнде қасымда жүргендіктен ата-анам жұмысқа кетсе де онша іздемейтінмін. Тәтем маған өз баласындай қарайтын, тұрмысқа шықпаса да екінші анам сияқты болатын. Қазір атам мен әжем қайтыс болды, тәтем ұзатылып кетті. Үйде ата-анамызбен тұрамыз. Анам бұрын әжемнен қызғанса да, үндемей жүреді екен. Қазір анам екеуміздің арамыз ешқандай да алыстап кетті деп ойламаймын. Бәрі ойдағыдай. Қарт кісілердің көңілін қалдырмаған дұрыс сияқты. Кейін ол кісілер ортамыздан кеткенде олардың аялы алақанын аңсайтын боламыз. Қарттардың орны бөлек қой. Сондықтан осындай уақытша сынаққа төзімділік танытыңыз. Өз балаңыздың сізді жатырқауы мүмкін емес. Бастысы, бөтенмін деп ойламаңыз. Іштегі ойды өзгертсеңіз, сырттағы жағдай да басқаша көрінеді)
+3 дауыс
Сіз отбасы мүшелерін сыйлаңыз,жақсы көріңіз. Қайта жақсы емес пе қызыңыз әпкесін  жақсы көреді.Ұмытпаңыз ол ешқашан өз анасын естен шығармайды. Жолдасыңыз бөлек шықысы келмесе қайта-қайта бергеннен пайда жоқ.Қызғаныштың басты жауы -күдік.Сол күдіктен айырылыңыз бастысы.
+1 дауыс
осыдан асқан бақыт жоқ деймін! ).үүүүүүүүM:D

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
11 жауап
+3 дауыс
11 жауап
...