+4 дауыс
2.1k көрілді
Таңертең ұйқымнан ерте тұра алмай жүрмін. Будилник қойсам азанда тұрып будилникті өшірсемде қайтадан ұйықтап қала берем.

3 жауап

0 дауыс
Тәртіп, ерік-жігер… Со-нымен дұрыс шешімі қандай? Шешімі: ол әрекетті әдетке айналдыру керек. Әрекеттің бәрі өзінен-өзі орындалуы тиіс. Ондай жағдайға қалай жетеміз? Сондықтан әрекет әдетке айналғанша шынық-қан дұрыс. Әбден шынығып, күнделікті қайталанған әрекетке адамның миы осыған қалыптасып, әдетке айналады. Мұның бәрі бір түрлі қы-зық көрінуі де мүмкін, бірақ оның шын мәнінде көмегі бар. Қоңыраумен тұруды үйреніңіз. Таңертең ғана емес, оны күндізгі уақытта, сергек жүрген кезде де төменде көрсетілген жаттығуды қайталап, үйренуге болады. Олай болса уақытымызды бекерге өлтірмей жаттығуға кірісейік. Бөлмеңізге барып, таң атқан кездегі сияқты жағдай жасаңыз. Күн батып, қараңғы түскеннен кейін пердені жауып жаттығуға болады. Пижамамен ұйықтасаңыз, пижаманы киіп алыңыз. Тіс жусаңыз, тісіңізді жуыңыз. Ұйықтар алдында көзайнегіңізді шешсеңіз, соны қайталаңыз. Қоңырауды бірнеше минутқа алдыға қойыңыз. Төсекке жатыңыз да көзіңізді жұмып, ұйықтағандай болыңыз. Өзіңізге ыңғайланып жатыңыз. Таң атқанын елестетіңіз, сіздің тұратын уақытыңыз келді. Өзіңізді түс көріп жатқандай сезініңіз.. Қоңырау ойнағанда оны тез өшіру керек. Содан кейін терең демалып керілу керек. Отырып, аяқты жерге қойып, тұрыңыз. Содан кейін күнделікті тәңертеңгі жаттығуды қайталаңыз. Мысалы, мен киінемін де, жуынамын. Осыдан кейін қайтадан төсекке барыңыз, қоңырауды қойыңыз да бәрін қайта бастаңыз. Әбден әдетке айналдырғанша осы жаттығуды қайталай беріңіз. Егер жаттығу кезінде ішіңізден не істеу керек екенін ойласаңыз, онда әлі дайын емессіз деген сөз. Осындай жаттығуларды бірнеше күн қайталаңыз. Күніне 1 немесе 2 айналымнан, 3-10 реттен. Әрине оған көп уақыт керек, бірақ осы жаттығуға кеткен уақыт сізге өте тиімді болып қайтады. Бүгінгі бір-екі сағаттық жаттығу, бір жылдың 200-300 сағатын үнемдейді. Осындай жаттығулармен сіз қоңырауға оянуды жеңіл әрі қиналыссыз қалыпты жағдайға дағдыланасыз. Қоңыраудың дыбысын естігенде, сіз төсектен ойланбай тұратын боласыз. Көп жаттықсаңыз, ол әдет сүйекке сіңгендей қалыптасады. Сізге қоңыраудың даусымен тұру қиындық туғызбайтын болады. Сіз ойша да жаттықсаңыз болады, бірақ ол үшін жақсы көз алдыңызға елестете білуіңіз керек. Ондай жаттығу тез әрі оңай болады, бірақ оны дене қимылымен, әрекет арқылы істегенде пайдасы көбірек болады. Оймен жаттықсаңыз сіз бірнеше бөлшек іс-әрекеттерді ұмытуыңыз мүмкін, ондай кезде сіз жаттығуды дұрыстап меңгeре алмай қаласыз. Сондықтан оймен жаттығу үшін, алдымен нақты 1-2 рет жаттығу жасаңыз. Тоқтамай күнде жаттықсаңыз, ол әбденәдетке айналып кетеді. Қоңырау шырылдағанда атып тұрасыз. Сіз қалыптасқан күнделікті өмір ырғағын бұзып алсаңыз да бұрынғы әдетіңізге тез келесіз. Ол бұлшық ет сияқты, қалыптасқан күйін өмір бойы қайталай береді. Кез келген әрекетіңіз күнделікті қоңырау ойнаған сайын беки түседі. Сізде күнделікті таңертең ұйқыдан тұратын уақытыңыз бар шығар, бірақ содан ертерек ойлаған уақыттыңызда тұра алмайсыз . Сіз оқып отырған тәсілді үнемі қайталай берсеңіз, ол ойға терең беки береді. Ұйқыңыз келген сайын ұйықтасаңыз, сіз ұйықтай бересіз. Ондайдан құтылғыңыз келсе, осы әдісті үйренгеннен кейін оны күнде ерінбестен жасап отыру керек. Осы әдісті үйренген соң оны аптасына 7 рет, жылына 365 рет орындау қажет. Ал алғашқы 30 күн қоңырауды бір уақытқа қойыңыз. Осы әдіс әдетке әбден айналғанда қоңырауыңыз қажетсіз болады. Сіңген әдет өмір бойы сізбен қалады. Ол жыл сайын сізге көп уақыт үнемдеуге көмектеседі. Өзіңіз ойланыңызшы: күніне 30 минутқа ерте тұрсаңыз жылына 180 сағат ұтасыз. Ал күндегіден 60 минутқа ерте тұрсаңыз онда жылына 365 сағат сіздің пайдаңызда. Ол 1 аптаның 40 сағатына тең және ол өте көп уақыт. http://kyzmet-gazeti.kz/kogam/665-2013-12-06-10-42-31.html
0 дауыс
Жумысынды ауыстыр, жақсы көретін жұмысын менен айналыс сонда таңертең ерте тұрасың !!!
...