0 дауыс
9.8k көрілді
Таңертең ашқарынға қандай нәрсе жеген пайдалы және оның пайдалы жақтары ?

5 жауап

0 дауыс
Мамандардың айтуынша, біздің күнделікті қабылдайтын калориямыздың басым бөлігі таңғы аста болуы керек. Кейбір диеталар мүлдем, түске дейін қалағаныңызды, тіпті шоколад тортын жеуге рұқсат береді. Адамға күніне 2000 калорий керектігін есепке алсақ, 5 рет тамақ ішетін адамның (жұмыстағы шайларды санасақ) әр отырысы 400 калориядан болады. Негізі сол шоколад тортының бір тілімінің өзі 400 калорияға шақ келеді. Әрине бұндай таңғы асқа тоймайсыз әрі пайдалы да емес.

Ендеше таңғы асқа не жесе болады?

Таңғы ас тойымды, көмірсуларға бай болуы керек. Дәнді дақылдар ас қорыту жүйесінің іске қосылуына көмектесуі керек. Ал таңертең тәбеті жоқ жандарға кешкі асын ертерек ішуіне кеңес береміз. Осылайша таңға дейін қарыныңыз ашып үлгереді.

Дәмді, пайдалы, тойымды таңғы ас түрлері:

Қол граноласы

Гранола - сұлы жарымасы, жаңғақтар, кептірілген жемістердің қосындысы. Бұндай таңғы асты дүкеннен алмай, өзіңіздің дайындағаныңыз дұрыс. Осылайша ішінде артық қант, түрлі қоспалар болмайтынына сенімді боласыз. Гранола өткен ғасырдың ортасында АҚШ-та патенттелген, қазірде "жұлдыздар таңғы асы" деген атқа ие болды.

Смузи

Ең тез дайындалатын таңғы астың түрі - смузи. Сізге бар керегі - блендер. Блендерге түрлі құрамдас бөліктерді салып, әбден араластырып аласыз.  Олардың құрамында мынандай заттар болуы керек:

сұйықтық (сүт, айран, йогурт);
жеміс-жидек;
дәнді дақылдар, мысалға сұлы жарымасы;
жаңғақтар мен кептірілген жеміс;

Ботқа

Дәстүрлі таңғы ас - ботқа. Бұндай таңғы астан шаршасаңыз, дәстүрлі ұнтақ, тары жарымасының орнына жүгері, арпаны қосып көріңіз. Ботқаға түрлі жеміс, тіпті көкөністерді қосса болады. Мысалы асқабақ қосылған ботқа толыққанды, дәмді таңғы ас бола алады.

Фриттата

Пайдалы да тойымды бұл таңғы ас - итальяндық тағам. Бұл омлетке ұқсас жұмыртқадан жасалынатын ас 15 минутта әзір болады.  Айта кетсек, фриаттатага көкөністер де қосса болады. Бар болғаны көкөністерді қуырып, үстінен жұмыртқа құя саласыз. Пісіру пешінде соңына дейін пісіріледі.

Сэндвич

Пайдалы, жасалуы өте оңай тіскебасар. Өзіңізбен бірге алып жүру да қиынға соқпайды. Жасалуы айтпаса да түсінікті.
0 дауыс
таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден жәнесеміруден сақтайды;
түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;

Аралық тамақтану:

таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;
түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
0 дауыс
Таңертен қайнатылған ботқа, мани каша, овсянка жеген дұрыс, қуырылған, майлы тамақтар жемеу керек, тамақтанудан бұрын 30 мин - 1 саға бұрын бір стакан сү ішіп алған жақсы, главное таңертен аш жүрмеу
0 дауыс
Таңерте суға қайнап піскен жұмыртқа жеген пайдалы,және шәй ішу керек.
0 дауыс
Жеміс-жидек, жаңғақ және бойында ақуызы бар сүт тағамдары: сүзбе,йогурт, сүт,айран. Манная каша,жаңғақ мидың жақсы жұмыс жасауына септігін тигізеді.
...