Салт-дәстүр туралы | 426 қаралды
426 қаралды
Қыз ұзатылып жатқанда оны шығарып салғанда неге оның алдынан гүл шашады сосын оны таптап жүреді.
Қазақта қызды гүлге теңеген дейді,гүлді қызға теңеген.Бірақ осы кішігірім дәстүр дейміз бе соны түсінбеяқ-қойдым.Мүмкін бұл тағы жат елден келген бе?)

5 жауап

Мүмкін қыздықтың соңғы күнi болғандықтан солай iстер, қыз болып кетiп баратсынн енді ана болып орал деген мағынада !!!
Ол жәй оформление, гүл әншейiн шөп, нан емес.
оформлениенің өзі жәйдан жай шықпайды ғой!
Әрине батыстан келген дәстүр, қазақта ондай салт мүлдем болмаған
Қазақта ондай дәстүр жоқ, қазақтың дәстүрі шариғат заңдарына сәйкес келеді

Дәстүрлі қазақ қоғамында қыз ұзату тойына еркше дайындалған. Той кезінде түрлі салт-жоралғылар орындалған. Оның көпшілігінің қазіргі күнге дейін қаймағы бұзылмай сақталып келеді.

Неке қию

Қазақ халқы неке қию рәсімін “ақ неке” деп ардақтап, қадірлейді. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі “Ақ некелі жарым” деп мақтанады. Дәстүрлі дінімізде де, ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізде де бас қосқан ер мен әйелдің некесін қию міндеттеледі. Ол көпшілік алдында жасалады. Қазіргі заңнамалық актілерімңізге сәйкес, неке қиярдан бұрын екі жас азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тіркелуі тиісті. Мемлекеттік тұрғыдағы неке куәлігін алған соң ғана, діни рәсімдегі неке қиылады.

Дінімзде неке қию рәсімі ұзатылатын қыздың үйінде жасалады. Себебі, әкесі қызының некесін қимастан, бөтен ер адамға қол ұстатып жіберуді дұрыс деп санамайды.

Сыңсу

Құда түсіп, сырғасы салынған, некесін қидырған қыздың үйінен ұзатылып шығарда ел-жұртымен қоштасып айтқан әні. Ол туған жерге, туысқандарына деген қимастығын айтып, “қыздың қонақ” екенін артында өсіп келе жатқан сіңлілерінің құлағына салады. Бұрындары қыз сыңсуды сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған.

Шарғы

Шарғы дәстүрі бойынша ұзатылып бара жатқан қыз өзінен кейінгі сіңілдеріне орамал сыцлап кетеді. Бұл “ендігі кезек сенікі”, “бақытыңды тап” дегенді білдіреді.

Қазіргі кезде бұл дәстүр де қайта жанданып келеді. Бүгінгінің қыздары ұзату тойында сіңілдеріне, құрбыларына үкі тағады немесе орамал қалдыратын болды.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз

119,042 сұрақ
307,260 жауап
153,316 пікір
68,878 қолданушы