+7 дауыс
780 көрілді
Біздің үйге ұялаған қарлығаш бір себептермен қайтыс болды, Ал оның балалары әлі кішкентай, үш баласы бар еді. Біреуі ең кішкентайы да өліп қалды. Енді екеуі қалды.Енді қояр сұрағым олар неше күнде өсіп ұшып кете алады. Қазір оларды сағат сайын тамақтандырып отырмын. Тамақты жақсы жейді. Ұшып кеткенше бақпақшымын.
Барлығыңызға рахмет көп көп!

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сауап іс жасап жатқаныңыз жалпы.Қазекең көп айналыса бермейді ғой бұндай нәрселермен.Орыс көршіміздің сайттарынан алған мәліметтерімді жаза кетейін.Қарлығаш балапандары жұмыртқадан шыққан соң ұшып кеткенге дейін 20 күн өтеді.Бұл уақыт аралығында қарлығаш балапандарын күніне 400 рет тамақтандырады екен.Рационы көбіне ұшатын шыбын,маса т.б жәндіктерден құралады.Балапандарға сонымен қатар құмырсқа дернәсілі(құмырсқа илеуін ашып көрген болсаңыз көрген шығарсыз күріш дәні секілді барғой солар),қайнатылған жұмыртқа,фарш беруге болады.Бастысы ертерек тұрып тамақтандыру керек,әйтпесе әлсіреп өліп қалады.Орысша жақсы түсінесіз деген ойдамын бір-екі сілтеме бере кетейін:

http://www.mybirds.ru/forums/index.php?showtopic=40876

https://touch.otvet.mail.ru/question/40837871

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бірде аңқасы кеуіп сусаған жолаушы жол үстінде бір құдыққа тап болады. Құдыққа түсіп, шөлін қандырып шықса, бір ит шөліркегені соншалық — тілі салақтап, суға жете алмай (дымқыл тартқан) жерді жалап тұр екен. Сонда
ол ішінен: «Мына байғұс ит те мен секілді қатты шөлдеген екен ғой», — деп, құдыққа қайта түседі. Қолында ыдысы болмаған соң, аяқ-киіміне су толтырып алып, аузына тістеген күйі құдықтан шығып, әлгі итке
су береді. Аллаһ тағала оның бұл ісіне дән риза болып, алғыс ретінде оның күнәларын түгелдей кешіреді», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жан-жануарларға жақсылық жасау арқылы да сауап аламыз ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Әрине, әрбір тіршілік иесіне жасалған жақсылық сауап ретінде жазылады», – деп айтты» – делінген
+1 дауыс
Осы істегендеріңді жалғастыра бер Заним. Ұшады қанаттары біткенде 3 айдан аспауы керек.
+1 дауыс
Жаным сіздің істегендеріңіз дұрыс негізі. 20-30 күнде қанаттары қатайып ұшады. Оларға құрттар мен шылаушын берсеңіз тіпті жақсы. Шешелері соны ылғи тасып береді.
+1 дауыс
Тамақты оларға қалай берiп жатырсың?
0 дауыс
Абайла енді!  мысық жеп кетпесін !

Ұқсас сұрақтар

...