0 дауыс
445 көрілді
«Серпін» жобасының алғашқы жылдағы нәтижесі қандай болды?

1 жауап

0 дауыс

Мұрат Әбенов: Былтыр жоба бойынша жалпы саны 2050 грант бөлінсе, жобаға қатысуға 10 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Яғни, әр орынды иелену үшін 5 адам бәсекеге түсті. Бұл өте жоғарғы көрсеткіш. Мысалы, Республика бойынша жалпы конкурста әр орынға 2 адамнан келген еді. Жобаға өткен жылы Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары айырықша белсенді қатысты. Былтыр бөлінген 2050 білім грантының ең көп бөлігін Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иеленді– 837 грант, ал Қызылорда облысының түлектері 778 грант иеленді. Өкінішке орай, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында белсенділік төмен болды. Мысалы, Жамбыл облысынан 174 адам, Маңғыстаудан 92 адам, Алматы облысынан 146 азамат қана жоба арқылы оқуға мүмкіншілік алды. Биыл жобаның маңыздылығын ескере отырып облыс әкімдері «Серпінге» жастардың көбірек қатысуы үшін арнайы шаралар ұйымдастыруды қолға алды. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің тікелей қолдауымен «Серпін апталығын» ұйымдастыру арқылы барлық аудандарда жобаға қатысатын оқу орындарының өкілдерінің кездесуі өткізілді. Бұл өте тиімді және нәтижелі шара болды. Көптеген жастар оқу орындарын таңдауға мүмкіншілік болды. Ал, колледждерге бірден құжат тапсырып, конкурстан өтіп, бірқатар жастар оқуға қабылданды. Бұл шараны ұйымдастыруға қолғабыс жасағаны үшін жергілікті әкімдерге, алғысымызды білдіреміз.

...