+9 дауыс
888 көрілді

Бүгін жаңартылған Сұрақ-Жауап сайтының мобильді қосымшасын жарыққа шығардық!

Енді Сұрақ-Жауап сайтын ұялы телефон арқылы қолдану өз қолыңызда. Аздаған қателіктер болуы мүмкін, бірақ ол олқылықтарды алдағы жаңартуларда толықтырып, өзгертіліп, жетілдірілініп отырады. Тұңғыш болмаса да, қазақ тілді сайттардың алды болып мобильді қосымшасын өздеріңізге ұсынып отырмыз. Қосымшаны орнату арқылы бағалап, алып қосар ойларыңыз болса қосымшаның астына пікір ретінде қалдырып кететін болсаңыз, келесі жаңартуларда ескеретін боламыз.

p.s. Осы жазбаны достарыңызбен бөлісе отырсаңыз! Рахмет!

Сұрақ-Жауап сайты қазіргі таңда:

* 103 000 сұрақ
* 264 000 жауап
* 143 000 пікір
* 47 500 тіркелген қолданушы

Жүктеу үшін:

Android:
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.bugingroup.www.szh

szh android

iOS:
https://itunes.apple.com/ru/app/s-rak-zauap/id1001122458?mt=8

szh ios

Қазіргі уақытта мобильді қосымша арқылы жасауға болатын іс-әрекеттер:
* Сұрақтар мен жауаптарды оқу
* Өз аккаунтыңызбен кіру
* Сұрақ-Жауап сайтында тіркелу
* Сұрақтар мен жауаптарды іздеу
* Санаттар бойынша сұрақтарды сұрыптау
* Сұрақ қою
* Жауап жазу
* Қолданушылар тізімін көру
* Жеке қолданушының сұрақтарын көру
* Жеке қолданушының жауаптарын оқу
* Сұрақ-Жауапты достарыңызбен бөлісу

Келесі жаңартуларда жасалынатын іс-әрекеттер:
* Қойған сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды өңдеу
* Қолданушыға жеке хат жіберу
* Блог жүргізу
* Блогтағы жазбаларды оқу
* Сұрақ пен жауапқа жоғары төмен дауыс беру
* Ілмек бойынша сұрақтарды сорттау
* Ұялы телефонға хабарландыру жіберу
т.б. жетілдірулер мен қателерді жою жұмыстары жүргізілетін болады.

Құрметті достар, Сұрақ-Жауап сайтының мобильді қосымшасын орнатып алу арқылы, Өз сұрағыңызды қойыз!

11 жауап

+3 дауыс
Жақсыыы, күткен бағдарламамыз шықты. Тек, енді ішіне чат қосылса одан да керемет болар еді)
0 дауыс
Ескертпе ЖХ басты бет болса жарайды!!!
0 дауыс
Жақсы, тексеріп, жазамын қазір
0 дауыс
Жақсы болды!!!!!!!!!!
+1 дауыс
бастамаға жақсы, Алдағы уақытта өзгерістер болатын сенеміз!!! КЕРЕМЕТ сайт!!!
+1 дауыс
Жақсы істеп тұр.
+1 дауыс
Смартфонға арналғаны шыға ма?
Сымартфондікі осы ғой .....
Белгісіз
0 дауыс
Қолдануға ыңғайлы. Чат болса одан да күшті болар еді. Алдағы уақытта күтеміз!!! Сайт көркее, дами берсін.
0 дауыс
Бұл шыққалы көп болды емеспе? Менде бар соткада орнатылған. Жақсы екен негізі.
0 дауыс
Сурет, видео енгізілмейді. Сол жері ұнамады, қалғандары тамаша
0 дауыс
Android:
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.bugingroup.www.szh

[szh android]

Қытайда   https://play.google.com  ашылмайды мұкін болса сайтан тіке жұктеуге келетын етып қойсаңыз !   бұл сайта қытайда оқыйтын студентер және қытайдың тума қазақтары көп болар бізіде ойластырңыздар  )))
...