+7 дауыс
564 көрілді

Сәлем достар

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Байқағанымдай көп болды мен өздеріңізге сайтта орын алып атқан жағдайлар туралы сіздерге есеп бермеген екенмін. Бүгін аз да болса да қысқаша сайтымыздың болашаққа деген жоспарлары мен сайтта алып жатқан өзгерістер туралы баяндап өтсем.

Маған кей қолданушылар балл үшін өтірік сұра қойып, сайтты болмашы сұрақтармен толтырып жатыр деген арыздар жазуда. Сайтымыз Web 2.0 негізінде жұмыс істейтін болғандықтан, сайтты қолдану өз еріктеріңізде екенін естеріңізге салайын. Тек өтініш сайттың ережесінен шығып кетпесеңіздер деген ниет. Сұрақтардың барлығы сапалы болсын деген мүмкін емес, себебі қашан да тұрмыстық сұрақтар өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Қалай арықтауға болады? Мынаны қалай жасаймын? Көмек керек? деген сұрақтар қашан болсын қойылады. Өзге де қолданушыларға құрметпен қарау керек, себебі сайтты тек бәрін білетін қолданушылар емес. Тек бетімен кетпей, сайтты спамдатып жібермесе болғаны.

Осы тақырыптта алып қосар ойларыңыз болса талқылап көрейік. Жауап ретінде жаза берсеңіздер болады.

Екінші мәселе бұл сайттың ұялы телефонға арналған қосымшасы. Қазіргі кезде біз тест мақсатында қосып көрдік, бірақ жасалынатын жұмыстар өте көп екен. Біз тез бітіреміз ба деп едім, бірақ техникалық қиыншылықтар шығып жатыр.

Әзірге тест ретінде орнатылып қолданып көрсеңіздер болады. Осы аптада сұрақ қою, тіркелу, кіру және сорттауды қосып қосымшаны жаңартып қаламыз. Алдағы уақытта аздап-аздап жаңартулар жасап сапалы қосымшаны өздеріңізге ұсынатын боламыз.

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.bugingroup.www.szh https://itunes.apple.com/ru/app/s-rak-zauap/id1001122458?mt=8

Жақын арада толық бітіріп қаламыз.

Үшінші мәселе ол алдағы 2-3 аптада Сұрақ-Жауаптың 1.7.1 нұсқасы шығатындығы. Сіздерге білінбейтін жаңартулар болмақ. Онда сайттың жылдам жұмыс жасауы үшін аздап техникалық өзгерістер қосылады. Қазіргі таңда соны күтіп отырмын. Қалай шығын болса, сайтты жаңартып, Блог жүйесін де ретке келтірмек ойым бар. Сұрақ-Жауап сайты тек Сұрақ-Жауап беріп ғана қоятын сайт болмай, аздап әлеуметтік фукцияларды іске қоссақ. Болашақта жеке хат жазу т.б. әлеуметтік фукнцияларды қосып, ұялы телефон арқылы жеке хат алмасу секілді мүмкіншіліктерді қосып сіздерге ыңғайлы сапалы платформа ретінде қалыптастырғым келеді. Блог жүйесі де осы жүйенің бір бөлшегі болмақ. Қанша дегенмен қазіргі сайттағы Блог жүйесі менің ойымдағыдай болмай болып тұрғаны. 

Қазір жаз айы болғандықтан осындай техникалық мәселелерді шешіп, сайтты аз болса да сапалы контентпен толтырып күзге дайындық жүргізіп жатырмын. Арасында мен де уақыт тауып өзімнің ауылыма барып демалып келемін.

Күзге қарай сіздерді қызықты конкурстар,сапалы мүмкіншіліктерді іске қосып қуантпақпыз. Алып қосар ойларыңыз болса талқылауға әзірмін. :)

p.s. Егер браузеріңізде AdBlock қосымшасын орнатұан болсаңыз, онда Сұрақ-Жауап сайтын Белый списокқа қосып сайттағы жарнамаларға күніне кіргенде 1 реттен болса да шертіп қойсаңыздар біз үшін үлкен көмек болар еді. Біз тым болмаса сайттың хостингін контексті жарнамадан түскен қаражатқа мықты әрі жылдам істейтін впс-сервер алуға мүмкіншіліміз болатын еді. AdBlock-қа қалай белый списокқа қосуды мына жазбамнан оқысаңыздар болады.

Админ дұрыс ауылыңызға демалғаңыз

10 жауап

0 дауыс
SZH -ның программасының бета версиясы бар ма?
Әзірге ия. Тест жүзінде.
+1 дауыс
Сөзiмен айтқанда бiрiншi бiр-бiрлерiңдi сыйлаңдар, құрметтеңдер, менiң мыйымды ашыта бермеңдер деуде. Екiншi қосымша ол программа телефонға жүктеп, сұрақ қоюға ыңғайлы болуы үшiн, мүмкiн трафикте үнемделер, хат алмасып бiр-бiрлерiңмен танысуға, жақыннан араласуға жол ашылады. Үшiншi керектi жауаптарды алғаныңыз үшiн, шешiмi тауылып iсiңiздi жеңiлдеткенi үшiн сайтқа алғыс ретiнде жарнамаларға 1-2 рет кiрiп шықсаңыз жеткiлiктi, орысша жазылған сөздер жарнама болып табылады...
миымды *
0 дауыс

QA жүйесіне  әр сұрақ бетінде Жауапберген Қолданушылардың Таблицасы құрылып  онда тек осы сұрақ бетінде берген пікір дауыс саның көрсетіп тұрса жақсы болар еді! әйтпесе ол бетте әр Қолданушының жауаптары бетті үйлкейтіп жібереді. және ЖЖ әрине Қойылған сұрақтың астында тұрады, ал қалған жауаптар көрінбей тек банағы таблицада Қолданушылар тізімімен бірге тұрады тек саны көрсетіліп! жауаптарын оқуға бір аяк немесе жай жасырғыш скриптті қылуға болады!

+2 дауыс
сұрақ; знания ком бірінші шықты ма әлде сұрақ-жауап па? екеуінде ұқсастықтар көп,сізге өтініш знания ком сияқты сайтқа кірген кезде 5 баллдан беріп отырсаңыз,адамдар соған қарап күнде кіріп сұрақ қойып,жауап жазып отыратын еді)
ол үшін фунция жазу керек
оны Админ жаза алмайтын шығар неге өйткені бұл Q&A движок арқылы сайт жұмыс жасап тұр тек Q&A разработчиктары жазбаса былай жазуға келмейді
иә,түсіндім)
0 дауыс
Жалпы жақсы блог екен.
0 дауыс
Не үшін сауаты жетпейтін адамдар үшін СЖС сайты өздері жауап бересалмайды?
СЖС?)   ....
өз сұрағыңызға жауап беруге болады ғой, сайтта ондай функця бар.
0 дауыс
Кейде көптеген сұрақтарыңа түсінігі саяз адамдар болмайтын жауап берген кезде,жоқ ол былай деп жауап бергің келіп кетеді,шыдамсызданып.Бола ма  сондай жағдайда жауаптарын түзетіп жіберуге?
4. Қолданушыларға не рұқсат етілмеген және ескертусіз өшірілінетін жағдайлар:
  
4.3. Жауабын өзіңіз "білетін" жұмбақ сұрақ қоюға болмайды. Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған сұрақтардың қойылуына рұқсат.
Көкейдегі сұрақты қойын ,енді сұрақ күтіп отырып, сұрақ келер кезге дейін,басқа сайттарға кіріп тауып қойсақ не істейміз. Кейде қасыңда отырған қызметтестердің біреуі саған айтып қалса,солардың  мардымды жаубына қанағаттанып үлгерсек ше?
сол керемет жауапты жауапқа жаз да сұрақты "жауабы табылды деп" жауып таста, келесі іздеген адамға пайдасы тиері анық, мысалы https://surak.baribar.kz/517369/ қарап көр
бірақ өзіңе жж баспа дауға қаласың))
Бәрі түсінікті. мазаңызды алсам, кешірім өтінемін. Еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспін.  Тағы бір сауал:  Сұрақ қойғанда толық сұрақты бірінші үстіңгі қатарға жазып, қысқаша нұсқасын екінші астынғы қатарға  жазатындай болсақ дұрыс болар еді, егер мүмкіндік болса.
+1 дауыс
Жалпы "Ел болам десең, сайтыңды түзе" деп жатады ғо, сондықтан осындай сайт болғаны дұрыс, ал өзгерістер енгізіліп тұруы одан да дұрыс.
заманына қарай мақалы..
0 дауыс
Сосын сайтқа автоматический обновление қондырса өте керемет болар еді мысалы жаңа сұрақтар кірсек ол 10 секунд сайын обновлять етіп тұрса бізге жақсы жаңа сұрақтарды кездестіріп қаламыз ато браузерді обновить етіп отыру ыңғайсыздық интернет қуып кетед:)
+1 дауыс
Осы AdBlock қосымшасы дегенді еш телефонымнан істей алмады. Қалай белый списокқа қосамын? Сайтқа кіргенде жарнама дегенге мән бермейді екенмін. Антивирустар туралы мәліметтер сол жарнама ма?
...