+1 дауыс
1.4k көрілді
Қырғызстан жайында ақпарат керек

3 жауап

+1 дауыс
Қырғыздар түркі халықтарына жататын, Орта Азияны мекен ететін халық. Қазіргі қырғыздардың ата-бабасы Енисейдің жоғарғы бөлігі Оңтүстік Сібірді мекен еткен. Түркі тілдес тайпалардың дәуірлеп тұрған кезеңінде қырғыздар Алтай, Ертіс, Тыва және Шығыс Саян аумағын қамтыған Қырғыз қағанатын құрды. Монғол империясының қысымынан кейін Алтай қырғыздары Тянь-Шань бөктеріне қоныс аударуға мәжбүр болды.

Негізгі діні Ислам болғанымен кей бөлігі Исламға дейінгі Көк Тәңір, Ұмай-Ана сынды сенімдерге бойсұнады. Тіпті қырғыздардың арасында буддизмнің тибеттік-монғолдық түрін ұстанатындары да кездеседі. Сондай-ақ, тарбағатай қырғыздарын буддист қырғыздар деп те айтады. Олардың ресми атауы – фоцзяо қырғыздар.

Қырғыздардың әлемдік аренадағы ең басты бренді – «Манас» эпостық жыры. Миллионнан астам жолдан тұратын жыр әлемдегі ең ұзын туынды ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ, аталмыш жыр ЮНЕСКО қорғауына алынған. «Манас» қырғыз халқының мәдениетін, философиясын, дәстүрі мен тарихын, көзқарасын, топонимикалық, этногенетикалық және тарихи атауларды түгел қамтығанымен де ерекше.

Қырғыздардың тыныс-тіршілігі мен дәстүрі бізге қатты ұқсас. Оларда да біздегідей ақындар айтысы ұлттық өнер ретінде бағаланады. Негізгі аспабы – қомуз. Ұлттық спорттық ойындары – көкпар («улак-тартыш», «кёк бору»), күрес («курёш», «алыш»). Барлық көшпенді халықтар тәрізді қырғыздар да жылқыны өте қатты қадірлейді. Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады.

Әлемге танылған ірі тұлғаларының ішінде Шыңғыс Айтматовтың орны ерекше. Сондай-ақ, қырғыздардан Құрманжан Датқа, Женишбек Назарәлиев сынды белгілі адамдар шыққан. Тарихы бізбен тамырлас қырғыз ағайындарымыз да 1991 жылы азат ел атанып, әлемдік сахнадан өз орнын алды.

Әнұраны:

Ак мөңгүлүү аска, зоолор, талаалар

Элибиздин жаны менен барабар.
Сансыз кылым Алатоосун мекендеп,
Сактап келди биздин ата-бабалар.

Кайырма:
Алгалай бер кыргыз эл,
Азаттыктын жолунда.
Өркүндөй бер, өсө бер,
Өз тагдырың колунда.

Байыртадан бүткөн мүнөз элиме,
Досторуна даяр дилин берүүгө.
Бул ынтымак эл бирдигин ширетип,
Бейкуттукту берет кыргыз жерине.

Кайырма:
Алгалай бер кыргыз эл,
Азаттыктын жолунда.
Өркүндөй бер, өсө бер,
Өз тагдырың колунда.

Аткарылып элдин үмүт тилеги,
Желбиреди эркиндиктин желеги.
Бизге жеткен ата салтын, мурасын,
Ыйык сактап, урпактарга берели.

Кайырма:
Алгалай бер кыргыз эл,
Азаттыктын жолунда.
Өркүндөй бер, өсө бер,
Өз тагдырың колунда.

, Қырғызия, Қырғызстан – Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 5,2 млн. адам. Қырғыздар (60,6%), орыстар (15,3%), өзбектер (14,3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом.
0 дауыс
0 дауыс
Қазіргі Қырғызстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. II ғасырда пайда болған. Біздің заманымыздың VI—XII ғасырлары аралығында бұл аймаққа Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған болатын. Кейіннен олар моңғол-татар шапкыншылықтарына ұшырап қуғындалды.
XIX ғасырда алдымен Қоқан хандығының иелігінде болып, кейіннен Түркістан губерниясы құрамында Ресей империясына өз еркімен қосылды. Қырғызстанның табиғат жағдайы өте қолайлы, таулы жерлеріне Ресейдің ішкі аудандарынан шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүрді. Бұл жағдай бұрын тек қана кешпелі мал шаруашылығымен айналысып келген қырғыз жерінде, жаңа шаруашылық түрлерінін; дамуына қозғаушы күш болды.
Қазан революциясынан кейін бұл аймақ Қара Қырғыз автономиялық облысы деп аталды, ал 1926 жылы Қырғыз КСР-і болып қайта құрылды. 1991 жылы Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады.
Бүгінде Қырғыз Республикасы әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.

 

Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі — Жеңіс шыңы (7439 м) орналасқан. Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу, Ыстықкөл, Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады. Олардың геологиялық-тектоникалыққұрылысы, ландшафтылық сипаты өте күрделі. Таулы аудандар қуаты 8—10 балдың күшті жерсілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.

Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардың (молибден, мыс, сурьма), Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тауалды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр көмір және таскөмір, мұнай коры барланған. Көптеген кең орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады.

Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ең ірі өзені — Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады.

Климаты шұғыл континентті сипатта, жаз ыстық, қыс суық болып келеді. Таулы жер бедері ауа температурасы мен ылғалдын таралуына өте күшті ықпал етеді. Ауаның орташа температурасы жазық жерлерде қыста -4°С, жазда +25°, +27°С-қа дейін көтеріледі. Мұндай жағдай топырақ-өсімдік жамылғысының ете күрделі құрылымын қалыптастырады. Әсіресе бұл жағдай биік тауларда өте айқын байқалады. Сондықтан елдің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді.

Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі, оны "Тянь-Шаньның інжу-маржаны" деп атайды.

Шатқал жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан Сарышелек көлі және оның айналасындағы жеміс ағаштары мен сирек кездесетін жаңғақты ормандар алқабы Сарышелек қорығының құрамына енеді. Мұнда Қырғызстанның көрікті демалыс-сауықтыру орындары орналасқан.
...