Қырғызстан мен Монғолиядан сатып алынған автокөліктерді кеденнен өткізу?

+1 дауыс
434 қаралым
Қырғызстан мен Монғолиядан сатып алынған автокөліктерді кеденнен өткізудің шарттары қандай?
• Санаты: Заң | 434 қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Қырғызстан мен Монғолия Кеден одағының құрамына кіретін елдер емес, сондықтан осы елдерде сатып алынып, Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктер кедендік тазартудан ЕО елдерінен немесе АҚШ-тан әкелінген автокөліктер секілді жалпы негіздерде өтуі тиіс.

Заңнамада, сондай-ақ, жеке пайдалану үшін автокөліктерді уақытша әкелудің нақты көрсетілген тәртібі, мерзімі мен шарттары бар. Кеден одағына кірмейтін шет мемлекетте тіркелген автокөлік Қазақстан Республикасына жеке пайдалану үшін бір жылдан аспайтын мерзімге әкеліне алады. Мұндай әкелім кезінде автокөлік оны әкелуді жүзеге асырған тұлға ғана пайдаланатын жағдайда кеден баждарын төлеуден босатылады. Пайдалану немесе басқару құқығын тапсыру тек кедендік тазарту шарасы жүргізілетін жағдайда ғана мүмкін болады. (Астана қаласы бойынша КБД түсіндірмесін қараңыз).

Ұқсас сұрақтар

127,955 сұрақ
322,854 жауап
153,167 пікір
72,959 қолданушы