0 дауыс
731 көрілді
Мен еңбек жолын 1979 жылы құрылыста сыршы-сылақшы болып бастадым. Еңбек етіп жүрген жылдары жаксы жағынан көрініп мені Алматы жоғары партия мектебіне (казір атауы өзгерген Саясаттандыру және басқару институты)жіберді Оқып білім алып еліме еңбек етудемін Сол жылдары басыма кірпіш түсіп өндірістік жарақат алып бүгінгі күнге дейін зардабын тартып, емделіп келемін. Қазіргі таңда Мәдениет саласында бас маман болып (мемлекеттік қызметкермін) еңбек етудемуін еңбектерім ескеріліп Алғыс хаттар мен мақтау грамоталарымен марапаталып та тұрамын. Ал енді кәсіподақ ұйымына материалдық көмек болмаса путевка сұрасам, Сіге болмайды, бөлімдегі кісілердің жарнасы аз, я болмаса емделу, сауықтыру орындарымен біз жыл басында келісім шартқа отырғанымыз жоқ деп жазбаша хат беріп жібереді бір кісілерден. Ұйым мүшелерінің қолын қойған, Өтініш жазған мені ұйым отырысына қатыстырмайды. Мен санаториге барған кассалық шотты бердім қандайда бір пайызы төленуі тиіс шығар деп. Мен жеке басты, кәмелет жасына толмаған 1 ұл бала тәрбиелеп отырған Анамын.Үздіксіз 36 жылдан бері еңбек етіп келемін. Бір жылдары Кәсіподақ жарнасысын 2 пайздан да төледік. Менен жарна алынып келеді. Сонша жылда неге жәрдем ала алмамын , Осы дұрыс па? Мен 2 рет Өтініш бердім, Бірінде санаторийдің шотында бердім. Кәсіподаққа жиналған жарна кімдерге жұмсалады. Ұйым төрағасы жөнді жауап бергісі келмейді.

2 жауап

+1 дауыс

Сіз жұмыс атқарып жатқан мекемемен Кәсіподақтың арасында келісім-шарт жасалған болса, сол келісім-шарттың талаптарында Сіз сияқты денсаулығы жоқ адамдарға, арнайы сауықтыру орталықтарына жолдама берілу, несеме сол жолдамамалардың 50% пайызын кәсіподақтын тарапынан төленеді деп көрсетілген болсағана, Кәсіподақ Сізге жолдамама ұсынуы мүмкін. Ондай талаптар келісім-шартта көрсетілмеген болса, және Кәсіподақтың қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, Сізге жолдама берілмейді.

0 дауыс
Сол ғой,көп жерлерде, көмек жоқ, бірақ жарнаны ұмытпай жинайды.
...