0 дауыс
333 көрілді
Мен тұрғылықты мекенжайым бойынша ешқашан дәрігерлерге қаралған емеспін. Тиісінше, ешбір емханаға бекітілмегенмін. Егер менде есептен шығару талоны жоқ болса, маған қалай емханаға тіркелуге болады?

1 жауап

0 дауыс
Облыстың бас терапеві Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВАНЫҢ айтуынша, Бекітілген тұрғындар тізіліміне іліну үшін таңдалған емдеу мекемесінің бас дәрігерінің атына тиісті өтінім жазу керек. Пациенттің мекенжайына тиесілі емхананы да, мекенжайына қарамай-ақ қалауы бойынша басқа емхананы да таңдауына болады. Рас, екінші жағдайда дәрігерді үйге шақыртуда проблема орын алуы мүмкін. Өтінімге жеке бас куәлігінің көшірмесін тіркеу керек.
...