+1 дауыс
2.9k көрілді
Менің жігітім көп боқтау сөз айтады, неліктен?? Кейбір жігіттер мүлдем қыздарына боқтау сөз айтпайды Боқтау сөз айту ол тәрбиеге байланыстыма? Жігіттер сендер қандай жағдайда қыздарыңды боқтайсыңдар??

10 жауап

+5 дауыс
Қыздарды боқтауға болмайды !!! Өйткені ол сенің әйелің емес қой, тіпті әйеліңді де боқтамауың керек. Сол жігіттіңнің шешесін, қарындасын біреу боқтаса жақсы ма? Сұрашы одан, мүмкін ол боқтата беретін шығар өз қарындастарын?
+4 дауыс
Ол қандай жігіт қызды боқтайтын
+1 дауыс
Жігіт қызды емес,ешкімді боқтамауы керек.Сол сияқты қыз да.Жалпы боқтауға болмайды,ешкімді және ешқашан.
+1 дауыс
Қыздарды боқтау күнә. Әсіресе ол келешектегі жары болса. Негізінен одан жайлап сұрап көрің. Бәлкім өмірінде қандайда бір қиыншылықтар болып жатқан шығар. Жігіттер сондай уақыттарда көбінше ашушаң болып қалады.
+1 дауыс
Әрине жiгiттiң тәрбиесiне байланысты, өзiн құрметтете алу қыздың өзiне байланысты. Бiр күнi көшеде бiреудi күтiп тұрғам. Менен он метрдей арыда жас-жұбайлар тұрған едi. Бiр уақыт әлгi жiгiт келiншегiне шешең деп боқтап қалды, сол кездегi әйелiнiң сөздерi менi таң қалдырды. Күйеуiнiң көзiне тiк қарап тұрып
 - Сен неге менi боқтайсың? Менiң шешемнен боқтайтындай сенiң қызың бедiм деп бiраз нәрселердi айтып тастады. Күйеуi жер болды, әйелiне қарайтын бет жоқ ана жерде. Қарап отырсаң келiншегi бола тұрып күйеуiне өзiн құрметтете алды. Ал кейбiр қыздар басы бос бола тұрып, жiгiт алдында өзiнiң абыройын түсiрiп жүредi. Махаббат өз жолына.
+1 дауыс
Он күнәнің тоғызы тілден.
+1 дауыс
Өз басым мүлдем боқтамаймын. Қызына боқтайтын жігіттен аулақ жүр дер едім, ондай жігітсымақтардан жақсы күйеу шықпайды.
Әәй осы сөзіңмен келісем!!!
+1 дауыс
Кейде қыздарға да байланысты болады. Мен көріп жиі байқап қалам кей кезде, мектепті бітірмеген жас қыздар әр жігіттің ойыншығына айналып үлгерген, ондай қыздарға жігіттер білгенін істеп,айтқанымен жүргізеді, оған ақымақ қыздардың өздері кінәлі, боқтаса да ыржалаңдап күліп тұра береді, анау ырбақай жігіттер де оның әлсіз жерлерін пайдаланып боқтайды. Ол қыздың әке шешесі өте тәрбиелі бай,ақшалы,бақуатты адамдар, бірақ қыздарының жеңіл жүрісін білмейді да. Бұндай да болады.
Кейбір жас қыздар десеңіз болады!!
Иә кейбір 8-9-10 сыныпта оқитын ақымақ жас қыздар. олар көшелерде жабысып тұра береді үлкен адамдар олардан ұялып айналып өтеді. Бір күні суретке түсіріп әке-шешесіне көрсетемін ау, болмай барады.
Маған да мүлдем жиіркенішті
0 дауыс
Мен боқтап көрмеппін. Өзім былай боқтамаймын.
0 дауыс
Шын,мен бір қызды боқтадым!))
-Неге боқтадың?
-иә, ол менің айтқанымды тыңдамады, сыртымнан басқа біреулермен (біреуЛЕРмен) сөйлесіп жүрді. Оған түсіндіріпте айттым, ештеңе шықпады. Бір күні сабақтан ашуланып келгенмін, оның үстіне ол басқа шығып алды, басына не келгенін істеп, сөйлеп отырды. Сол кезде шыдамның шегі бітті, БУМ!))))
...