+4 дауыс

Кейбір жігіттер / қыздар болады ғой, айналасындағы қыздардың/жігіттердің барлығына бірдей жақсы қабақ танытып, сезімін білдірсе не жоқ демейді, не қабылдамайды, былайша айтқанда "не өзі алмайды, не біреуге бермейді". Сөйтіп бәрінің тек өзін армандап жүргенін қалайды. Мұндайды ағылшынша "keep someone on the hook", орысша "держать на крючке" деп атайды екен. Сонда ұсталған "балықтарды" не суға жібермей, не қармақтан босатпай ұстап отырудың не пайдасы бар? Сондай қыз / жігіттердің осындай қылығын түсіне алмай қойдым. Кейбір құрбыларым өзі жақсы көрмейтін жігіттерге бос үміт беріп жүре береді. Өзі жақсы көрмейді, бірақ хабарласпаса ренжиді. Осыдан келетін пайда бар ма? Көптеген қыз / жігіттер осындай қылыққа неге барады? Әлде ондай адамдар әрдайым басқалардың көңіл бөлуіне мұқтаж ба? 

29.05.2015 993 қаралым

5 жауап

+5 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Запаска дегенi несi адам запчас емеско, запас дейтіндей.
Адамға серезный карамайтын, адамды серезный кабылдамайтын адамдар шығар,  өте қауіпті адамдар екен!!!
29.05.2015
Шыңдық жамбасыңызға жақпай қалды ма?
Мәдениеттілікті сақтаңыз………
Мәдениетті жазып отырмын ғой)
Баян Сұлу, сізше Saux-тың айтқаны шындық емес пе))
Иә,өте қауіпті адаммын!
–1 дауыс
Запасқа керек болады.Менде сондай әдісті қолданамын!Негізі олар өздері ілінеді қармаққа,менің жағымнан ештеңе істелмейді.
29.05.2015
Қозы мен Қодар ма өздері кеп ілініп жүрген)))
+4 дауыс
Иә. Не айтпақ болғаныңды түсіндім. Бұл әрекеттер көбіне қыздарда кездеседі. Бұның да өз себебі бар. Олардың барлығын көпшіліктің назарында болуға әрекет немесе олардан ажралып қалу қауіпі деуге болады. Енді бұл менің жеке пікірім.
29.05.2015
+5 дауыс
Қорқақтар ғой. Жалғыздықтан қорқады. Оларға керегі махаббат емес, кім болса да қасында болғаны. Шынайы сезім дегенді бағаламайтын, басқа адамның сезімін құрметтемейтін адамдар. Saux дұрыс айтады.
29.05.2015
0 дауыс
собственниктер жақсы адамдар олар негізінде!!)))
01.06.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы