+1 дауыс
633 көрілді
Телеарналардағы қазақша кино, мультфильм болсын, жарнама болсын тілі неге шұбалаңқы, сүйкімсіз, дүбәра? Аудармашыларды қайдан алады екен? Ертедегі жыраулардың тілдері қандай еді, жарқылдаған қылыштай шауып түсіретін? Теледидарды көріп отырып, қаным қайнайды, амалым жоқ...

8 жауап

+2 дауыс
Сұрағың өте орынды, осыны мен де айтайын деп жүрген едім. Менің де қаным қайнайды ,Кішкентай балалар да солар секілді сөйлей бастады, бұл деген балалардың болашағын құртып бітетін болды.
0 дауыс
Маған да ұнамайды, 1адам 10 адамның орнына дауыс беріп жатады кейбір каналдарда
Олардың дауыстары тәлпіштік барып тұрған. шиқылдап сөйлеген кезде, дереу ресей арнасына ауысып құтыламыз.
+1 дауыс
Әсіресе кейіпкерлердің "менде бір мәселе бар" дегенін айтсаңызшы! "Мен бір қиындыққа тап болдым" десе орынды болар еді.
Олардың қылқынып даусын жіңішкертіп сөйлегенін айтшы бәрінен де." Барушы едім, келушіедім" деп мағынасыз сөздердін  айтшы. "Барар едім, келер едім" десе болады ғой, адам сияқты..
0 дауыс
Өйткені солай мәдениетті сөйлеу!!!
0 дауыс
Меніңде қаным қайнайды!
+1 дауыс
Қарап отырсам бізге еш нәрсе ұнамайды екен.....
0 дауыс
Тек айтып қана қойғанша оларға көмектеспейміз бе?! Менде бір ой бар...
Ойыңызды қосып отырыңыз, ендеше.
Тіл жанашырларының басын қосып, тегін аударма жасайтын топ ашу керек !  Көшелерге жарнама парақшаларын іліп шығу керек "Айналайын қазақшаға аудару қолыңнан келмесе бізге кел" деген секілді
+1 дауыс
Не десекте жоқтан жақсы ғой!
Жоқтан бар жақсы ғой деп тоңмойындық танытуға болмайды. Себебі, Тіл мәселесі -өте маңызды. Біз ұлт ретінде жұтылып кетудің алдында тұрық.
...