0 дауыс
1.4k көрілді
Мысалы Азия жақта парсы тілдестер деп Тәжіктер, Ауғандар, Ирандар  Күрдтер жатады. Бұл ұлттар әр мемлекетте тұрғанымен тілдері өте ұқсас. Бір-бірлерімен тілмашсыз сөйлесе алады. Түркі тілдестер де  үлкен топ. Оның ішінде Қазақ Қырғыз Қарақалпақ, Ноғай деген ұлттар бір-бірінің кітабын оқып киносында көре алады. Шығыс еуропа да славяндардың тілдері өте жақын . Ал енді италия тілі, неміс тілі, франсуз, ағылшын, португал, испан тілдеріне мына ұлттардың тілдері жақын дегенді естімедім. Әлде бар ма ?

1 жауап

+1 дауыс
Түркі тілдестер, славян тілдестер, роман тілдестер (латын), иран деп тілдік топтарға бөліне береді. Бір топтағылар бір-біріне ұқсайды. Кейбіреулер мекен ететін жеріне байланысты өзгерістерге ұшырап бір-бірін анық түсінбейді. Мысалы қазақша мен қырғызша бір-біріне қатты ұқсағанымен, түрікшені аудармашысыз түсіну қиын. Сол секілді орысша мен чех тілдері де бір-бірін аудармашысыз түсіну қиындық тудырады. Ал роман тілдеріне келсек, оларда бөлінеді. Батыс роман тілдері, шығыс роман тілдері деп...! Ал олардың түркі тілдестер мен славяндардан айырмашылығы бір-біріне ұқсамайды десекте болады. Тек кейбір сөздері мен терминдері болмаса. Бұл Еуропа елдерінің барлығы жеке дара кезінде ірі империя ретінде дамығандығының салдарынан болған екен. Мысалы, француз тіліне ең жақын меніңше Франкопровансаль тілі. Бүгінде ол тілде сөйлейтіндердің көбісі француз тіліне көшіп кеткендіктен бұл тіл  жоғалудың алдында... Ал португал тілі мен испан тілі ең жақын тілдер болғанымен испан тілінің өкілі португалшаны аудармашысыз мүлдем түсінбейді. Тек бразилиялық португал тілін испанша сөйлейтін Латын америкалықтар ғана түсінуі мүмкін.
...