0 дауыс

Қымыран деген не? Ол саумал ма?

01.07.2015 18.8k қаралым

3 жауап

0 дауыс

Жалпы «қымыран» сөзін «қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»— сүттен ашытылып жасалған сұйық тамақ—айранның бір түрі немесе түйенің шұбаты мен сиыр сүтінің араласы т. б. деп түсіндірілген. 

Кейбір жерлерде түйенің сүті, шұбатты қымыран деп атайды.

01.07.2015
0 дауыс

Бізде қымыран деп ашыған айранды айтады, ("Қырсыққанда қымыран іриді" деген сөз бар емес пе)

01.07.2015
0 дауыс
Түйенің қымыран, шұбат деген түйенің сүті емес пе???

Айранның ашытқанын шалап диді емес пе???
05.08.2015
Шалап деп - ашыған айранды емес, күбіде пісілген (піскен айран) айранға су мен тұз қосып араластырып жасалған сусынды айтады. Түйенің сүтін қымыран немесе шұбат дегеніңізбен келісемін.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы