Салт-дәстүр туралы | 6.5k қаралды
6.5k қаралды
Қазақтың ұлттық ойындары қанша түрге бөлінеді. Наурыз мейрамында ойналатын ұлттық ойындар қандай?

1 жауап

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінщі мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаракеттерінен бастау алады.

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерке-көксерке, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқар.

2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқар шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап дауысыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс алу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгіру, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

4. Зергерлікті ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударспақ, бағана өррелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғынай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба? қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстінде кім? шымбике.

118,354 сұрақ
305,191 жауап
153,292 пікір
67,545 қолданушы