+2 дауыс
16.2k көрілді
Бесікке жатуға қалай үйретуге болады? Бесікте жатса оянып кете береді тербетіп отыру керек үнемі. 2-3 сағат ұйықтайтындай етіп қалай уйретуге болады. Жылы жане таза го бесик.
Монси  мен Болатбек балалы болдыңдарма құтты болсын)
Иа, рахмет

2 жауап

0 дауыс

Мүмкін мына ақпарат қажет болып қалар.

Апаларымыз бен әжелеріміз сәбилерін ақ бесікке бөлеп, бесік жырын айтып ұйықтататын заман баяғыда артта қалған. Сонғы 30 жыл ішінде, жас аналардың өмірлерін жеңілдететін неше түрлі құралдар мен заттар пайда болды.

Бүгінгі балалы әйелдердің көбісі сәбилерін бесікке дұрыс бөлеуді де білмейді. Сөйтіп, халқымыздың көне ғасырлардан бері аса қастерленіп келген, қасиетті де киелі бесік қазір қолданыстан шығып қалды деп те айтуға болады. Ал бесік болса, баланың гигиеналық тазалығына да, денсаулығы мен дамуына да, тіпті ананың психологиясына да қолайлы. Жалпы, бесіктің ұлтымыздың салт-дәстүрінде, тәлім-тәрбиемізде алатын орны ерекше. «Баланың өскен бесігі — кең дүниенің есігі» деп ата-бабамыз бекер айтқан жоқ. Бесіктегі баланың қол-аяғы байланып, ұйқысы тыныш болады. Бесік құралдарының бірі – шүмек, баланың дәреті жайылмай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Қазақтарда бесікте жатып өскен баланың денсаулығы мықты, өзі жігерлі, қайратты, сабырлы болады деген ырым бар. Сонда да, бесіктің барлық жақсы жақтары мен ұрпаққа деген пайдасына қарамастан, ол ұмытылып барады. Біз оқырмандарымыздан әдейі сұхбат алып, бесікті бұрын қолданған  аналардың пікірлерімен бөлісуді сұрадық.

Гулнара Камирдинова

"Балаларымның екеуі де бесікте жарты жылдай жатқан. Қазіргі 19 жастағы қызым дүниеге келгенде, мен подгузниктерді жиі қолданбайтынмын. Сондықтан оның бесікте жатқаны мен үшін өте ыңғайлы болған. Ол бесіктің ішінде, жылу мен тазалықта, оянбай қатарынан 3 сағат ұйықтайтын еді. Ал оянғаннан кейін, қол-аяғын босатуға талап етіп жылайтын. Жалпы, ана баланы бесікке дұрыс бөлеуді білсе, сәбиі тып-тыныш ұйықтап, демалып, мамасының да мазасын алмайды. Ал егер де дұрыс бөлемей, баланың қолы, не аяғы бос қалса, ол ербеңдеп жылай береді. Түбек пен шүмек те дұрыс орнатылмаса, баланың дәреті үстіне жайылып, денесі су болады.

Ұлымды болса, бесікке подгузник кигізіп бөледім. Сонда да, ол күні де, түні де бесікте рахаттанып жатып ұйықтаған. Содан, жаздыгүні қатты ыстық болғандықтан, баламды бесікке жатқызуды қойдым.

Меніңше, баланы бесікке бөлеу өтте ыңғайлы. Біріншіден, сәбиді қолға алмай-ақ та бесікте тербетуге болады. Бұны тек анасы ғана емес, үйдегі басқа, қолы бос адам істей алады. Екіншіден, бесікте жатқан баланың қол-аяғы қатты байланатындықтан, ол өзін ұйықы кезінде шошытып оятпайды. Сөйтіп, сәбидің ұйықысы ұзақ және тыныш болады.

Басқа аналарға «балаларыңды міндетті түрде бесікке бөлеу керек» деп айта алмаймын. Бұл жеке тұлға ісі, және әр балаға қатысты. Біреулері бесікке мүлдем жатпайды, ал тағы біреулері бесікті жақсы көреді. Бірақ бесіктің бала денсаулығы мен дамуына қаншалықты пайдалы, не зиянды екенін мен білмеймін."

Гаухар Наурызбаева                       

"Менің екі балам бар. Екеуі де бесікте жатқан. Өкінішке қарай, ұзақ уақыт емес. Мені бесікке бөлеудің дұрыс жолын көрсетіп, үйрететін кісі болған жоқ. Кейде дұрыс, кейде бұрыс жатқызатынмын. Соның өзінде, бесіктегі баланың ұйықысы ерекше болатынын тұңғыш баламды бесікке бірінші рет жатқызғанымда байқадым. Бөпем бесікке салғаннан-ақ, терең ұйықыға батып, рахаттанып жатқанын көрдім. Менің ойымша, бесіктің іші - ананың құрсағына ұқсас. Дүниеге жаңадан келген сәби жылы, қараңғы, әрі тар бесікте тербеліп, өзін анасының ішінде жатқандай сезініп, тыныш ұйықтайды. Халықта, кең төсекте жатқан бала өзін жалғызсырап, анасы тастап кеткендей сезінеді дейді. Кейбіреулер, балаға, қол-аяғы байланса ыңғайсыз болады, немесе денсаулығына зиян тигізеді деп ойлайды. Оларға айтарым – балалардың қозғалысын шектеу-қорғаудың бір түрі. Сіздер бөпелерінізді машинаға отырғызғанда, немесе тамақтануға арналған арнайы орындыққа отырғызғанда қауіпсіздік белбеулерін кигізетін боларсыз. Бесік те сол автокресло сияқты, сәби оның ішінде жатқанда қаупсіздікте болғанын білуі қажет. Сонда ғана, шошымай, тыныш жата алады.

Бесіктің тағы бір ыңғайлылығы – оның жеңілдігі. Аналар бесікті бір бөлмеден екінші бөлмеге өздерімен бірге тасымалдай алады. Оның үстіне, баланың тазалығы да өте үлкен плюс. Сөздің қысқасы, бесіктің баланы тәрбиелеу процессінде және ұлттық мәдениетімізде алатын орны ерекше. Сондықтан біз оны құрметтеп қастерлеуіміз керек."

Гульмира Абенова                      

"Мен бесіктің не екенін жақсы білетінмін. Себебі, отбасымыздағы балалардың барлығы бесікте жатып өскен. Сондықтан, уақыты келген кезде, өз баламды да бесікке бөлейтінімді бастан-ақ білдім. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша, бесікті ата-анам сатып алып берген.

Меніңше, бесіктің жақсы жақтарына жататыны – өзімен бірге алып жүрудің оңайлылығы. Бесіктер өте жеңіл етіп жасалынады, әдетте – 5-7 келі болады. Сонымен қатар, ықшам, әрі берік. Бұл үй шаруашылығында өте ыңғайлы.

Содан соң, бесікте орнатылған түбегі мен шүмегі, баланың ұйықысы бұзылмай, дәреті арнайы ыдысқа түсіп, денесінің құрғақ, таза болып қала беруіне жағдай жасайды. Бұл құралдар ай сайын подгузникке шығындалатын ақшаны да үнемдеуге көмектеседі.

Үшіншіден, бала ұйықы кезінде өз-өзін, қол-аяғының кенет қозғалуымен шошытып оятуы мүмкін. Бесікте ондайы жоқ. Сәби ұзақ уақыт бойы тыныш ұйықтай береді. Себебі, қолы мен аяғы байлаулы. Бірақ, бұл тек менің жеке ойым. Қазір роддомның өзінде, медбикелер сәбилерді бөлемей, бос ұстауға үйретеді. Ал бұрын керісінше болған. Мен дәрігер емеспін, медициналық көзқарастан, бесікке бөлеудің бала денсаулығына қаншалықты пайдалы, әлде зиян екендігін салыстыра алмаймын.

Сондай-ақ, кейбіреулер, баланы бесіктен алмастан емізе беруге болатынын да бесікке бөлеудің жақсы жағы деп қарастырады.

Кемшіліктері туралы сөз қозғасақ, менің ойымша, олар жоқ деп те айтуға болады. Бірақ, халықта, бесікте жатқан баланың шүйдесі жазық болып өседі деген пікір бар. Алайда, менің бақылауымша, бала өзіне ыңғайлы қалыпта ұйықтайды.

Менің ұлым бесікте 9 айға дейін жатқан. Сол уақытта ол тазалық, жылу, құрғақтықта ұзақ жатып, тыныш ұйықтаушы еді.

Жалпы, аналарға бесікті қолдануға кеңес беремін. Уақыт өте, баланың бесікте жатқысы келетінін, келмейтінін көрерсіз."

Алия Халкабаева                         

"Бүгін аналар бесікті қолданбайтыны өкінішті-ақ. Бұл жағдай салт-дәстүрімізді, ата-бабамыздың қалдырған өнегесін сыйлауды қойғанымызды көрсетеді. Онсыз да қазіргі замаңда батыс елдеріне еліктеп, өз рухани байлығымызды, ұлттық құндылығымызды жоғалтып барамыз. Бесікке бөлеудің қаншалықты ыңғайлы екенін адамдардың көбісі білмейді. Әрине, бұл тек менің жеке пікірім. Таныстарымның ешқайсысы балаларын бесікке жатқызбапты. Менің ойымша, баланы алдымен бесікке бөлеп көру керек. Ал, бала бесікте мүлдем жатқысы келмесе, сонда ғана заманауи манеждер мен төсектерге көшуге болады."

Сейтова Гүлсім

"Сәбиді бесікке салу дәстүрі ертеден келе жатқан таптырмас қазына. Бесікте жатқан баланың қол-аяғы ербеңдеп, өзін өзі шошытпай ұйықтауына, жаялықтары құрғақ болып, жып-жылы жатуына ыңғайлы. Анасын емгенде де ыңғайлы жатады. Өз балаларым мен немерелермді бесікте өсірдім."

Сұрастырылған аналар, баланы бесікке салудың кемшіліктеріне қарағанда жетістігі көп екенін айтты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?

comode.kz сайты

0 дауыс
Менің 1 ші қызым 1айдай тербетпесе жылайтын еді кейін уйреніп кетті бесікке,күндізде бөлейтінмін солай уйреніп кетті,2ші балам тыныш уйықтай беретін бесікте жыламай,ал 3 ші балам 1айдан асты бесікке бөлеймін бақырып жылайды кішкене 10-15 мин уйықтайды да оянып кетіп жылай береді күндізде солай, бесікке бөлей аламын шүмегі де орнында ыңғайлы тұрады,неден неге жлай беретінің білмеймін ( әлі бөлеп жүрмін уйренетін шығар деп бірақ солай бақырып жылай береді,кімде осылай?
...