+1 дауыс
3.0k көрілді
Баланы қырқынан шығару медицинада құптала ма? Қазақта жаңа туылған нәрестені қырқынан шығару салты бар. Ал осыған дәрігер мамандар қалай қарайды?

3 жауап

0 дауыс
Қырқынан шығару салты ежелден келе жатқан ғұрып. Бұл ғұрыпты орындаудың еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Ал, медицина тұрғысынан алғанда қырық күн ана үшін де, бала үшін де қауіпті кезең болып есептеледі. Осыған дейін баланың иммунитеті әлсіз болады. 40 күннен кейін ғана нәрестенің ет пен сүйегі бірігіп, екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарған жөн.
0 дауыс
Медицинада бұл туралы нақты айтылғаның оқығаным жоқ, бірақ өте білімді, жоғары лауазымды, беделді қаншама дәрігерлердің өздері де бұл сатты орындағаның көрдім. Яғни, медиктер өз балаларын қырқынан шығарып жатса қарсы болмағандары)) Медицинада дәлелдегендей бала туылғаннан 35-40 күн бойы сыртқы ортаға бейімделмеген, иммунитеті төмен болып туылады, қырқына шығармай баланы көпшілікке көрсету балаға қауіпті, инфекция жұқтыруы мүмкін. Қазақта соны білгендей қырқына шығармай баланы туыстарына көрсете бермейді. Меніңше ол дұрыс
0 дауыс
Қырқынан шығарғаны дұрыс.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
2 жауап
Белгісіз 4.07.2013 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...