+1 дауыс
413 көрілді
Мысалы, кәзір жастар құдайшыл болып кеткен, құдай, өмір туралы әңгіме көп айтады,жас өмірін ойнап-күліп неге өткізбейді олар, ал үлкен жастағы зейнет жасындағы адамдар жас болғысы келеді, немере баққысы келмейді,зейнеткерлік ақысын салып алып қалаға,далаға шабадыда жүреді балаларына бергісі келмейді, дәрігерге қараламын, көзіме оперция жасатамын деп өз өздерін қинап жүреді, олар енді бір аяғы көрде бір аяғы жерде қалған өмірін балаларына, немере, шөберелеріне неге  арнамайды, намазға жығылып Аллаға бір табан жақындау үлкендердің міндеті емес пе, неге тәубе еткісі келмейді. Осылардың бәрі өз орнымен болса адам азбас еді, кім біледі?Меніңше, бұрынғы өнегелі, қазыналы қариялар жоғалған.

4 жауап

+2 дауыс
Мен қарттардың немересінің қасынан шықпай отырғанын қаламас едім. Көрер күні қанша қалды дейсіз? Сол күндерінде алыс-жуықтағы туыстармен араласып, сергіп қайтқаны жақсы емес пе? Үлкен кісілер де үйде ұзақ отыра берсе, іші пысады, жалғызсырайды...  Ал дінге келсек... Ол жас пен қартқа бөлінбейтін нәрсе шығар. Әсіресе дінді апиынға теңейтін қоғамның құрсауынан құтылғанына санаулы жыл ғана болған біздің қоғам үшін... Тәуелсіз ел жастарының төл дінін қайта жаңғыртып жатқаны рас. Оған бола мүлдем басқа қоғамда өмір сүрген үлкендерді кінәлаудың қажеті жоқ сияқты. Оның үстіне мен көрген қарттардың бәрінің ойлайтыны баласының, немересінің қамы болатын... Қарттардың бәрі өзімшіл болып кетті дегеніңізбен келісе алмай отырғаным...
қонағына, туыстарына бармасын дегенді қозғаған жоқ едім қайдан қосып алдың, әр нәрсе өз орнымен болса жақсы, дінге  қәзіргі қоғамның қатысы жоқ ниет түзу болу керек
Ааа... Мен солай түсініп қалыппын. Зейнетақысын алса үлкен кісілер басқа қайда барсын деп ойласам керек. Кешіріңіз!
+4 дауыс
Керісінше жас кезде жасалған құлшылықтың маңызы зор, сауабы көп. Сосын дінде жүрген адамға ойнауға, күлуге болмайды деген сөз жоқ.
0 дауыс
Керісінше Бәрі орын орнымен сияқты қазір!
баланс қой бәрінде де! :D
+1 дауыс
Аллаға құлшылық ету үлкенге не жастарға емес барлығына бірдей міндет.Қайта  құдайшылықты ойлап дінге бет бұрғаны қуантатын жағдай.Тек діни басқарма жастарды басқа қауіпті ИГИЛ,вахабизм секілді т.б. елге кесірін тигізетін ағымдардың жетегіне кетуден сақтау керек.
Солардың қайсысы шын мұсылман, қайсысы өтірік сенбеймін. Әйтеуір құдай кешіреді деп жүре беретін шығар көбісі
...