Жалпы сұрақ | 446 қаралды
446 қаралды
Құдайға өкпелеген күндеріңіз болды ма?
Сұрақтың жабылу себебі: сұраққа жеткілікті жауаптар алынды.

18 жауап

Адам өз тағдыры мен өз сәтсіздіктері үшін тек қана өзі кінәлі. Ол үшін Аллаһқа да, ата-анаңа да, басқаларға да ренжудің қажеті жоқ. Денің сау, қол-аяғың бүтін болса болды. Қалғаны орнына келеді.
Жақсы Жауап
айтуға да, жазуға да оңай...
оңай екенін көріне тұра, сұрақ қоюға  келгенде қиын болған жоқ пе екен?
Құдайға өкпелегенше, сізге өмір бергеніне қуанбайсызба?
сұрақты мен қоймадым және өміріме ризамын.
Мен өкпелімін... Құдай бәріне берген 1-2 нәрсені маған бермепті... Мүмкін, бұл сынақ та шығар... Сол сынақты 18 жылдан астам уақыт көтеріп келемін... Сол сынақтың зияны өте көп тиді... Мінездің тұйықталуы, адамдармен араласпау деген сияқты... Қазір есейіп адамдармен жақсы араласа бастадым, бірақ... Басқа адамдарға қызығамын және пессимистік көзқарасына таңғаламын...
сонымен қандай нәрсе берілмепті?
Кейде тілегенімді бермегені үшін, бәрінің мен ойлағандай болмағаны үшін өкпелейтін кездерім болады. Бірақ Құдай әрдайым мен қалағаннан әлдеқайда жақсы сыйлық дайындап қояды екен. Маған не қажет екенін менен гөрі жақсырақ біледі екен. Сондықтан тілегенім орындалмай қалған кезде сәл өкпелеймін де, қазірге дейін маған бергендерін ойласам ренішімнің бәрі тарқап кетеді)
Өкпелеп көргенім жоқ, өкпелемеймін де... себебін өзің білетін боларсың
иа, себебін білем )))))
Қызық... бұл жауабыма: 4 адам плюс, 4 адам минус беріпті (таңғалам адамдарға не үшін +,- қойғандарын түсіндірсе)
Өкпелемегем, өкпелетпей-ақ қойсын деймiн. Көбiнесе өзiмдi кiнәләймiн, мүмкiн сол үшiн...
Жоқ былай ғой, мен иман емеспін, ешқандай діни білімім жоқ, діни білімі жоқ адамнын дін туралы айқаның тындамау керек негізі, адастырушылар көп қазір. Бір рет жұма намазында дәрет алып, мешітке барып, уағызын тындап, жамағатпен намаз оқып қайтшы, Аллаһта саған иман бере бастайды, біраз нәрсеге көзің жетеді, қателіктеріңді өзін де мойындайсын.
намаз оқыған дұрыс әрине. Мұны құптаймын. Бірақ маған неғып екені намазға қанша тұрсам да бәрібір , білмеймін, жүрекке қуаныш сыйламайды. Әйтеуір жай тіршілік етіп жүрген пендемін.
жоқ, Құдайға өкпелемеймін
Өкпеледің не , өкпелемедің не .... бәрібір бізді ести қоймас.
Аха. Келіп тұр
Аллаһ Тағала бәрін есітуші және Ол естімейтін нәрсе жоқ. Бірақ Оның есіту қабілеті мақлұқаттардағыдай емес. Аллаһ Тағаланың есіту қабілеті өзғермейді, яғни әлсіремейді және күшеймейді, оның басы да, соңы да жоқ. Ол үшін «жақын» немесе «алыс», «ақырын» немесе «қатты» деген ұғым жоқ, Ол дауыстың бәрін бірдей естиді және Оның естуінен тыс ешнәрсе қалмайды.
Аааа, ияя. Солай ма?!! Неткен керемет!!! Джим Керридің Всемогущие деген киносындағыдай ма?
Ақыл тоқтатпаған бала екен десем, 86 екенсіз ғой! Егер атеист болсаңыз жөнімен болыңыз. Біз сенетін Құдайды Джим Керриге теңемеңіз! Біз де сізді сенуге мәжбүрлемейміз ғой.
Менің діни көзқарасымда шаруаң болмасын. Мен атеист емеспін, және құдай жоқтығын теріске шығармаймын. Бірақ ести қоятынына күмәнім бар
Құдай жоқтығын теріске шығармайтындар мен атеистердің айырмашылығы?
Оппа на сөзден қате кетіпті. Құдайдың барын теріске шыгармаймын дегенім.
Мен ешқашан өкпелеген емеспін.
Мен даже өкпелемеймін де!
Қатты өкпелеген күндерім көп болды.Себебі өмірде көп қиналдым.

Қазір ойым өзгерді,главное адамға денсаулық екен.Басқасы маңызды емес.
Белгісіз
Құдайға өкпелейтін кез бай адамдада болатын шығар
Мен 15 жасымда бір рет қатты өкпеледім. Шыдамсыздығымнан болды, кейін өкіндім қатты.
Не бүлдірдің 15 жаста?
Бірдеме бүлдіріп өкпелемейтін шығармын. Балалық болған ғой...
Арақ үшін өкпеледім.
қалай сонда арақ үшін)
ондай нарселер бала кезде болдыгой билместикпен ,менин козим неге мынандай кылып жараттын менин мурыным неге мынандай осы сиякты болмашы нарселерге бола Кудайга ренжитин едим) балалыккой. есейе келе онын барин койдым кандай киындык болсын онын маган берилген сынак екенин тусиндим.
118,326 сұрақ
305,127 жауап
153,293 пікір
67,482 қолданушы