0 дауыс
75.2k көрілді
Ауыз бекітерде міндетті түрде дәрет алу керек пе, намаз оқымаса?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізінен ауыз бекітерде де ауыз ашарда да дәрет алады.Өз басым солай жасаймын.
0 дауыс
Ауыз бекітерде дəрет алмайды.
0 дауыс
Жоқ, дәрет алу шарт емес.
0 дауыс
Дүние жүзінде қанша мұсылман болса сонша пікір болады. Мұнда ақыл сұрағанмен өзін әр түрлі ойда қаласын. Сондықтан уақыт құр жоғалтпай мешітке барып имамдардын өзінен сұраған абзал.
0 дауыс
Негизи даретти полный алу керек деп ойлаймын мен оз басым солай жасаймын
0 дауыс
Негизи дарет алу шарт емес. Таза журген шарт
0 дауыс
Ауызашар мен сәресі уақытында дәрет алу да, дәретті болу да шарт етілмейді. Себебі, ораза ғибадаты дәретпен тікелей қатысты емес.

Дәретті болып таза жүру – өз алдына абзал амал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
الطُّهُورُ شَطْرُ الإِيمَانِ

«Тазалық – иманның жартысы»[1], – десе, Алла Тағала Құранда:

إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ

«Расында, Алла тәубе етушілер мен тазаланушыларды жақсы көреді»[2],– дейді.

Тоқетерісі: сәресі мен ауызашар үшін дәрет алу қажет емес. Дегенмен, дәретті жүру өз алдына абзал амал екенін ескерсек, ораза кезінде де, оның тысында да қашанда дәретпен жүруге тырысу керек.
...