+4 дауыс
Мені көптен бері ойландырып жүрген сұрақ. Суды ұстап көрсек мөлдір. Ал алыстан қарасақ кейде көк, кейде жасыл. Аспанға байланысты көк десек неге аспанның түсі көк? ұшақпен көтерілгенде ол да әппақ көрінеді. Бұлтты күндердің өзінде үлкен судың түсі солай көрінеді. Неге олай?!
21.06.2015 7.3k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Біздің көзімізге көрінетін теңіздің көк түсі – теңіз суының бетіндегі күн сәулесінің ыдырауынан пайда болатын түс.

Су күн жарығын біркелкі түрде өткізбейді. Теңізде қысқа толқынды жарық сәулесі ұзын толқынды жарық сәулесіне қарағанда тез өтеді. Қысқа толқындар спектрдің көк бөлігіне, ал ұзын толқындар қызыл түсіне сәйкес келеді. Шыны ыдыста судың аз қабаты көретіндіктен сәулелерді өту айырмашылығы байқалмайды. Ал теңізге түскенде жүздеген метр терең судағы күн сәулесінің ыдырауы көрінеді. Суда көк түс аз жұтылатындықтан судың түсі де көк болып көрінеді.

Сонымен қатар су көк түсті емес, сия түсті және ультра күлгін сәулені өте жақсы жұтады. Сондықтан басқа жерлерге қарағанда теңіз жағалауында күнге күю ықтималы басым болады.  www.balalaralemi.kz осы сайттан алынды
22.06.2015
Қысқа да нұсқа жақсы жауап. Раxмет
0 дауыс
Себебі судың тусi жоқ  !!!
22.06.2015
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы