0 дауыс
6.3k көрілді
Шетелдік ғалым айтқаны екен "Заман жаман болмайды, тек өмір сүріп жатқан адамдары ғана жаман болады" - деген. Келісесіңдер ма?

3 жауап

+4 дауыс
Иә... Заманды өзгерткен де адамның өзі ғой. Деседе тұтас адамды немесе заманды біржолата жаман деп қарауға келіспеймін. "Заман түлкі болса, мен тазы болайын" дейтіндер адамның озбырлығына заманды кінәлай жөнеледі. "Мені осындай еткен заман", "Мынадай  заманда ешкімге сенбеу керек", "Қасқыр бол, ешкімге жем болма"  деген сөздерді көп естіп жатамын. Заман өзгереді, қоғам дамиды. Бірақ бәрібір адам бойындағы өзіне тән ақлақ пен ізгілік ұстанымын сақтап қалса, заман да, адам да жаман болмайды...
ақлақ деген не?
Мораль.....
ымм, бірінші рет естіп отырмын
Ымм......
Ахлақ арабша сөз, мінез-құлық, əдеп дегенді білдіреді.
+3 дауыс
Төрт аяқты хайуан —
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір алладан басқаның
Көпті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды, деп Шортанбай Қанайұлы кезінде заманның емес,адамдардың өзгергенін айтты.Қазірде солай,заманның адамдары өзгерген
0 дауыс
Бұл өмірде барлығын өзгертетін адамзат. Уақыт өзгермейді, адам өзгереді. Адам келеді, кетеді, ал уақыт өз орнында қалады.
...