+1 дауыс
4.3k көрілді
Сіздерге қазіргі заманның адамдары ұнай ма?

6 жауап

+2 дауыс

Маған қазіргі заманның адамдары ұнайды, себебі олар сауатты, жауапкершілігі бар, ұлдары ұл мінезді қайсар,ер көңіл болса,  қыздары қыз мінезді ұяң, жібектей есіліп тұрса әрине. Ал адам еместері  әрине ұнамайды, жігіттері сауатсыз, жалтаң,  кәрістің киносындағы қызтеке жігіттердей жылауық, қыздары ұятсыз, бокс ойнап төсін езгілеп, күресіп бірінің үстіне бірі шығып бұтын айырып жатса.

мағанда ұнайды.............
0 дауыс
"Заманына сай адамы" деген сөз бар. Қазір жастар жақсы, еркін, көкірек көздері ашық, жаңа технологияларды жақсы меңгерген. Жаман әдеттерге үйірлер де бар, бірақ олар аз.
0 дауыс
Бес саусақ бірдей емес қой.Қазіргі заман адамдары әр түрлі кейбіреуі мейрімді,көңілді болса, ал кейбіреулері тіптен басқаша.Маған негізінен көп адам ұнай бермейді, көңілімнен шығатын адамдар өте аз.Бірақ қазіргі адамдар өте қатыгез болып бара жатыр өз балаларын да,әйелдерін де өлтіріп жатыр ғой(( меніңше мейрімді адамдар сирек кездеседі сондықтан онша ұнай бермейді.
0 дауыс
Қазіргі заманның адамы немесе алдынғы заманның адамы деп бөліп қарау дұрыс емес деп ойлаймын..Ия..қазір адамдардың бәрі сауатты бола бастады..техниканы меңгеруде..алайда арамызда сауатсыз жандар жоқ емес..бұзақылық азайған деп те айта алмаймыз..Себебі..бұрын болмаған жетімдер үйі..қарттар үйі бүгінгі таңда көбеюде..ендеше бұл бүгінгі заманның сауатты..білімді..техника меңгерген..ал алдыңғы кезде сауатсыз..көзі ашық болмаған дегенге саяды ма?әрине жоқ...Қазіргі заманның адамы деп бір ғана сауатты көзі ашық адамды алып қарастыра алмаймыз..кез келген жарықтың қасында көлеңке түсіп тұрады..ал алдынғы заманның адамы сауатсыз деп қарастыра алмаймыз..Себебі бүгінде сол адамдар ашып кеткен заңдарды үйреніп..олар айтқан даналық сөздерін санамызға құйып өсіп келе жатырмыз...
0 дауыс

Қазіргі кездегі адамдар ұнайды.

0 дауыс

Меніңше қазіргі,бұрынғы заманның адамдары деп бөліп жатудың керегі жоқ.Әр адам әр түрлі,әркімнің өз мінезі,ісі,өзіндік ерекшеліктері,жақсы-жаман қасиеттері бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 23.09.2020 Мектеп сұрақ қойды
+2 дауыс
14 жауап
...